Ең шығыны көп жаза – өлім жазасы: бір өлім жазасының өзі 4 млн долларға жуық шығынды қажет етеді
Death Penalty Information Center қоғамдық ұйымы келтірген дерекке қарағанда, АҚШ билігі үшін өзге жаза түрлеріне қарағанда өлім жазасы кем дегенде 1,5 есе, әйтпесе 4 есе қымбатқа түседі. Өлім жазасын жүзеге асыру орасан зор шығынды қажет ететіндіктен АҚШ-тың көптеген штаттары ауыр жазаны тағайындаудан бас тартқан болатын. Мәселен, Нью-Джерси штаты осындай себеппен өлім жазасынан бас тартты. Сарапшылардың есебі бойынша бір өлім жазасын орындауға шамамен млн доллар жұмсалады. Одан гөрі қылмыскерді өмір бойы бас бостандығынан айырып, абақтыға жабудың шығыны бірнеше есе аз. Аталмыш процестің тым қымбатқа түсуіне сот өндірісінің ұзаққа созылатыны себеп болады. Мәселенің мәнісі сонда, сот бұл процедурада барынша ыждағаттылық пен табандылық танытып, істі мұқият қарайды, әр деталіне дейін екшеуге тура келеді. Қылмыстың құрамын талдауға жылдар кетеді, бұдан бөлекғ бұлтартпайтын айғақ табудың өзі талай уақытта алады. Соттың істі қарау мерзіміне нақты шектеу қойылмағандықтан кейде өлім жазасын тағайындауда талап ететін іс аттай ондаған жылдарға созылып кетеді. Істің мұнша ұзаққа созылуына өлім жазасына кесілуі мүмкін қылмыскердің туған-туыстары аппелациялық шағымды қарша боратады. Нәтижесінде он өлім жазасының тек ар кеткенде екеуі ғана орындалады.
Ал бұл аралықта мемлекет қазынасының қаншама қаражаты шығын болады десеңші. Бұдан бөлек, қылмыскерді бюджет есебінен асырауға тура келеді. Осындай қаржы ауыртпалығы үшін Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом өлім жазасына мораторий жариялаған болатын. Аталмыш штат билігінің мәліметіне сенсек, тек аталған штат аумағында 1978 жылдан бері 13 өлім жазасына 5 млрд долларға тарта қаражат жұмсалған. Аталған мерзім аралығында өлім жазасына кесілген тағы бес қылмыскер сотта ақталып шықты. Олардың ісін қарауға кеткен шығынды қоса есептегенде. «Қазіргі уақытта Калифорнияда өлім жазасына 737 тұтқын кесілген болатын. Олар жазасын күтіп жатыр. 2006 жылдан бері бірде-бір өлім жазасы орындалған емес. Ал олардың сот ісіне жұмсалған ақшада қисап жоқ»,- деп жазыпты әлеуметтік желіде аталмыш штат губернаторы. Бұл әңгіменің бәрі қайдан шығып отыр? Міне, бірнеше күннің жүзі болды, Ресей Федерациясы аумағында өлім жазасын қайтаруға талап қойылып жатыр. Дәлірегі, балаларды өлтірген қаныпезерлер мен лаңкестерге өлім жазасын қолдану талап етілуде. РФ-да өлім жазасы формалды түрде бар, мораторий жарияланғандықтан. Сөз орайы келгенде айта кету керек, Amnesty International ұйымының мағлұматына сәйкес өткен жылы әлемде 690 адамға өлім жазасы қолданылған. Бұл мәлімет ашық дерек көздерінен алынған: өлім жазасына кесілгендердің туған-туыстарынан, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған өлім жазасы туралы материалдардан, құқық қорғау ұйымдарынан, т.б. алынған. Тасада, көпке жарияланбай жүзеге асырылған өлім жазасы туралы ақпарат жоқ. Қытайдағы секілді мұндай статистикалық ақпараттар құпия ұсталады.
Міне, бесінші жылдың жүзі болды, бір ғана Иранның өзінде өткен жылы 253 адамға өлім жазасы қолданылған. Олардың арасында жеті адам кәмелет жасына толмаған. Ресми статистика бойынша бұл тізімнен екінші орыннан көрінген Саудияда өткен жылы 149 тұтқан өлім жазасынан бақилық лолған. Үшінші орынға жайғасқан Вьетнамда өткен жылы 85 адам өлім жазасынан көз жұмған еді. Десе де аталмыш тізіиде бірінші орында Қытай тұр.
Бұл елде өлім жазасына қатысты ақпарат мемлекет құпия санатында, соған қарамастан Amnesty International сарапшылары жыл сайын аталған елде кем дегенде мыңдаған адамның өлім жазасына кесілетінін мәлімдеді. Бұдан бөлек, қытай әлемде өлім жазасына кесілетін қылмыс түрлері бойынша да көш бастап тұр. Мәселен, Саудия немесе Иран секілді мұсылман елдерінде негізінен дінді мойындамау, билікке қарсы шығу, шариғат талаптарын елемеу секілді қылмыстарға ғана өлім жазасы қолданылса, қытайда 40-тан аса қылмыс бойынша өлім жазасы қарастырылған екен. Десе де бұл елде де өлім жазасына қатысты шығын шаш етектен: мәселен, өлім жазасын талап ететін қылмысқа барғандар арасында шетелдіктердің ісі ғана жария түрде жүргізіледі. Сарапшылар соған қарап, бұл елде өлім жазасына қанша шығын кететінін есептеген. Канада азаматы есірткімен ұсталғанда оның сот ісіне шамамен 20 мың доллар жұмсалған. Соған қарамастан Қытай билігі канадалық азаматты ақтап шығарудан бас тартып, өлім жазасына кесті.