Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдың арғы бетінен біртүрлі зат табылды

Айдың арғы бетінен біртүрлі зат табылды

Қытайлық «Юйту-2» ровері Айдың арғы бетіндегі кратерлердің бірінен белгісіз материал тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Space басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгісіз материал шілде айының соңында жүргізілген шолу жұмыстарының барысында табылған. Алайда бұл туралы енді ғана белгілі болды.

Қытайлық ғалымдар ровердің негізгі камерасына түсірілген суреттерді тексеріп отырып, біртүрлі затты байқаған. Суреттердің біріне «түсі біртүрлі» және «құрылымы гель тәрізді» материал түсіп қалыпты. Әзірге зерттеушілер бұл заттың құрамын атауға қиналып отыр.




Ғалымдар табылған материалды зерттеу үшін құрылғыны басқарудағы басқа жоспарларды кейінге шегеріп, біртүрлі зат тауралы көбірек материал жинауға тырысуда. 

2019 жылдың 3 қаңтарында қытайлық «Чанъэ-4» құрылғысы ай бетінде жүретін «Юйту-2» құрылғысымен бірге Айдың бетіне қонды. Арада бірнеше сағат өткеннен кейін құрылғы Айдың арғы бетінен алғашқы суреттерді жібере бастады.
02 қыркүйек 2019 ж. 1 106 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31