Айдағы алғашқы өсімдік өспей қалды
Алғаш рет Айдың көлеңке жағына қонған Қытайдың планетааралық "Чаңэ-4" станциясы жүзеге асырған биологиялық эксперимент – мақта ұрығы өспей қалды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады.
Эксперимент үшін 6 түрлі өсімдіктің тұқымы таңдалып алынған болатын. Станцияда орнатылған фотоаппарттың көмегімен түсірілген суреттерде байқағандай, мақта өсімдігі алғашқы болып өне бастаған. Ғалымдар Lunar Micro Ecosystem шағын биосфера эксперименті ұзаққа созылады деп үміттенбегенін айтты. Өсімдіктің өлуіне Айдаға түн әсер еткен. Түнде Жердің табиғи серігіндегі температура Цельсий бойынша - 170 градусқа жетеді.Мақтадан бөлек Айға картоп, рапс, майлы дақылдар ұрығы жеткізілді. Алайда олар өсіп шыққан жоқ.
Қытай ғарыш аппараты 2018 жылы 8 желтоқсанда ұшырылған болатын. Оның негізгі міндеті Айдың бұған дейін белгісіз болып келген бөлігін зерттеу. Сонымен қатар, Айға радиоастрономиялық байқау жүргізіп, Ай бетінің түзілу құрамын зерттемекші.
Бұдан бұрын, Айдағы радиацияның тірі жан иелері үшін әсер етуі жайлы америкалық астронавтар 1972 жылы "Аполлон-17" миссиясын іске асыру барысында анықтаған болатын.
baq.kz