Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қанатында жолаушы отыратын ұшақ әуеге көтеріледі

Қанатында жолаушы отыратын ұшақ әуеге көтеріледі

ÒанаÑÑнда жолаÑÑÑ Ð¾ÑÑÑаÑÑн Ò±ÑÐ°Ò ÓÑеге көÑеÑÑледÑ
Голландиялық KLM авиакомпаниясы болашақта авиация саласын толықтай өзгертуі мүмкін бастаманы қолға алды. V-тәрізді ұшақ 314 жолаушыға дейін тасымалдай алады, оған қоса бәсекелестеріне қарағанда 20% аз жанармай тұтынады. Жобаны Нидерландының Делфт технологиялық университетінің ұшақ құрастырушылары жасап шыққан. Flying-V әуе кемесі даңқты Кит Ричардс, Джими Хендрикс және Ленни Кравиц секілді музыканттар ойнаған Gibson электрогитарасының құрметіне аталған. Ұшақтың формасы аталмыш гитараны еске түсіреді. 
Әуе кемесінің ұзындығы 55 метрді құрайды. Ал ені - 65 метр. Бұл көрсеткішпен жаңа ұшақ Airbus A350 және Boeing 787 әуе кемелерімен ұқсас. Сол себепті әуе компанияларына ұшақжай немесе ұшып-қону жолағына өзгерістер енгізіп қажет жоқ. Бір қызығы ұшақтың қанатында да жолаушылар мен жүкті тасымалдауға арналған бөлік болады. Бұған қарамастан Flying-V өзге ұшақтарға қарғанда әлдеқайда жеңіл болмақ. — Flying-V нарықта бар ең энергиялық тиімді реактивті қозғалтқышпен ұшады. Ұшақтың қазіргі жобасында керосин қолданылады, дегенмен ұшаққа электр жетегі бар реактивті қозғалтқыштарды орнату оңай, - делінген KLM авиакомпаниясының ресми сайтында.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/57409/
11 маусым 2019 ж. 576 0