Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Huawei өсу көрсеткіші бойынша рейтингіде көш бастап келеді

Huawei өсу көрсеткіші бойынша рейтингіде көш бастап келеді

Huawei Ó©ÑÑ ÐºÓ©ÑÑеÑкÑÑÑ Ð±Ð¾Ð¹ÑнÑа ÑейÑингÑде ÐºÓ©Ñ Ð±Ð°ÑÑап келедÑ
Huawei компаниясы 2019 жылдың алғашқы тоқсанында өсу көрсеткіші бойынша рейтингіде көш басындағы орнын ешкімге бермей келеді. Сондай-ақ қытайлық концерн әлемде жеткізілім саны бойынша алғашқы тоқсанда 282,2 пайызға өсіп үшінші орынға тұрақтады. Бұл рейтингіні IDC халықаралық зерттеу компаниясы түзді. Компания фитнес-білезік пен ақылды сағаттар нарығында серпіліс жасап, жоғары өсім көрсетті. Бір жыл ішінде Huawei компаниясы көрсеткішін 213 пайызға өсіріп, өзге өндірушілерді артта қалдырды. Қытайлық компания өкілдерінің сөзінше, үздіксіз әрі тұрақты өсім Huawei компаниясының нарыққа бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаруымен байланысты. Компания тұтынушылардың ұсыныстарына құлақ асып, басты назарда ұстайды. Мысалы, 2018 жылы шығарылған Watch GT сағаты өзге ақылды сағаттарға қарағанда қуаттандырусыз ұзақ жұмыс істейді. Huawei Watch GT сағаты қалыпты жағдайда екі аптаға дейін жұмыс істей алады. Компания қалыпты жағдайға мыналарды жатқызған: қолданушы сағатты тәулік бойы пульсті өлшеу, ұйқыны бақылау, аптасына 90 минут жаттығу барысында жерсеріктік навигацияны қосу, хабарландыру алу және күніне экранды 200 мәрте қосу. Бұдан бөлек Huawei Watch GT мәзірінде жаттығуға арналған оннан астам режимдер бар. Оның ішінде жүзу, велосипед тебу, ойлы-қырлы жерде жүгіру, триатлон және тағы басқалары. Құрылғы қолданушысына әр жаттығу барысында қан-тамыр соғысының көрсеткішіне байланысты кәсіби кеңестер беріп, қауіпсіздікті арттырады. 2019 жылдың наурыз айында Парижде өткен Huawei P30 смартфонының тұсаукесері кезінде қытайлық компания ақылды сағаттардың Huawei Watch GT Active Edition және Huawei Watch GT Elegant Edition секілді екі жаңа түрін көрсеткен болатын.

Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/tehno/57470/
11 маусым 2019 ж. 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930