Франклиннің 13 қағидасы
АҚШ ағарту қозғалысының бастушысы, ғалым, өнеркәсіп маманы және тәуелсіздік төңкеріс басшыларының бірі, кезінде «АҚШ-тағы мінсіз адам», «Адамгершілік пен нысаптың пірі» аталған Бенджамин Франклиннің 13 қағидасын назарларыңызға ұсынамыз.
1) Тежемділік – тамақты тарта жеу, мас болғанша арақ ішпеу;
2) Ұстамдылық – өзіне және басқаларға пайдасыз сөз сөйлемеу;
3) Реттілік – әр нәрсені өз орынына қою, бар істі жоспармен істеу;
4) Кескіндік – істеуге тиісті жұмысты дереу әрі тыңғылықты тындыру;
5) Үнемшілдік – өзіне және басқаларға пайдалы, қажетті кез-келген затты үнемдеп істету;
6) Қажырлылық – уақытты бос өткізбеу, үнемі тиімді жұмыстар тындыру;
7) Шыншылдық – өтірік айтпау, ой-дүниені қашан да таза ұстау;
8) Турашылдық – құқығынан пайдаланып басқаларға кесір тигізбеу, басқаларға қайырымдылық жасаймын деп міндет пен жауапкершілікті қайырып қоймау;
9) Қастық – жалған, әділетсіз қастандыққа төзу. Мұндай жағдайға ешқашан ұшқарылықпен қарсы қимыл жасамау;
10) Тазалық – киімді, жатар орынды таза ұстау;
11) Сабаздық – ұсақ-түйек шаруаға жармаспау, сақтануға болмайтын жағдайларға бола уайым-қайғыға батпау;
т12) Адалдық – сүйген жарға мәңгі адал болу;
13) Кішіпейілділік – менің зеректігім – кейбір істерді өзімнің де білмейтіндігімді мойындайтындығымда деп ойлау.
Massaget.kz