Жапонияның жаңа императоры алғаш рет халық алдына шықты
Жапонияның жаңа императоры Нарухито алғаш рет халық алдына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz РБК басылымына сілтеме жасап.
- Мен сіздерге шын жүректен денсаулық пен бақыт тілеймін және мемлекетіміздің басқа мемлекеттермен қатар бейбітшілікке ұмтыла отырып, одан әрі дами түсетініне сенемін, - деді ол, өз тарапына айтылған құттықтауларға алғысын білдіре отырып.
Ол өз сөзін Токиодағы император сарайының верандасында айтты. Сарайда онымен бірге жұбайы, жаңа патшайым Масако мен әкесі Акихито да болды. NHK телеарнасының хабарлауынша, ғимарат алдында 50 мыңға жуық адам жиналған.
2016 жылы 89 жастағы Акихито денсаулығына байланысты тақтан кету жайлы ойын айтқан болатын. Ол бұл ниетін 2019 жылы 30 сәуір күні жүзеге асырып, оның орнына 1 мамыр күні ұлы Нарухито жайғасты. Ал жаңа патшаның таққа отыру салтанатты шарасы қазан айында өтеді. Акихито 200 жылдың ішінде өз өкілеттігін тоқтатқан Жапонияның алғашқы императоры болып отыр.
Источник: zakon.kz