Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 3 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛАҒА ОПА-ДАЛАП ҚАЖЕТ ПЕ?

3 ЖАСАР ҚЫЗ БАЛАҒА ОПА-ДАЛАП ҚАЖЕТ ПЕ?



Кейбір ата-ана өсіп келе жатқан қыз баланың боянғанын ерсі көреді. Себебі, мұның түбі еш жақсылыққа әкелмейді деп ойлайды. Олардың ойынша, кішкентай қыз онсыз да сүйкімді. Оның үстіне, келешекте сабағына да кері әсерін тигізеді деген сенім бар.

Алайда психологтар мұнымен түбегейлі келіспейді. Бұл жаста қыз баланың үлкенге еліктеуі қалыпты нәрсе. Оған қоса, жастайынан өзін-өзі күту – қыз баланың бойына біраз қасиетті қалыптастыруға көмектеседі.

Мәселен: балада өзіндік талғамы болады; өзін-өзі және сырт келбетін тани түседі;

өзін дұрыс күтімге үйретеді;

баланың табиғи қызығушылығын қанағаттандырады;

Қыз балаға қуаныш сыйлайды.

Ал ол оның тұлға ретінде дамуына үйлесімділік береді. Сондықтан баланың денсаулығына зиян келтірмеу үшін жас мөлшері көрсетілген, балаларға арналған арнайы опа-далапты алған жөн. Онда да барлығы бір маркінің өнімі болған дұрыс. Балаларға арналған өнімдерді әртүрлі компаниянікі болса, аллергия туғызуы мүмкін. Қыз өсіріп отырған әр ана баласының соған қызығушылығын көрсе, өзінікін бере салудың қажеті жоқ.

aikyn.kz
28 наурыз 2019 ж. 1 228 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930