Қытайлық қыз бұлшықетімен желі қолданушыларын таңғалдырды
Қытайлық студент қыз бұлшықетімен желі қолданушыларын қайран қалдырды. Бір қарағанда жас әрі сүйкімді көрінетін қыздың бодибилдингтегі жетістігі ересек ер адамдардың өзін қызықтырады. Ол бойының 155 сантиметр екеніне қарамастан, 120 келіні көтере алады. Бұл оның салмағынан екі есе көп.
Чен есімді қыз желіде King Kong Barbie лақап атымен танымал. Ол өзінің жаттығу жасап жатқан сәтін видеоға түсіріп, үнемі желіде жариялайды. Оның әлеуметтік желілердегі парақшасында 300 мыңнан аса оқырманы бар, деп жазады The Daily Mail басылымына сілтеме жасап Stan.kz.Чен Фушунь қаласында дүниеге келген. Ол бала күнінен ұялшақ болыпты, алайда алқызыл түсті заттарды жақсы көрген. Қытайлық қыздың сөзінше, ол сыныптастарының бірімен бодибилдингтен жарысқа барғаннан кейін күш түсіретін жаттығулараға қызыға бастапты.
«Бұл байқауға қатысатын қыздардың өте әдемі екенін түсіндім. Олар сұлулық ұғымын басқа қырынан көрсетті және дені сау болып көрінді. Сол жарыс маған үлкен әсер қалдырды», - дейді Чен.
Сонымен қатар ол Қытайда «әйелдер әдемі болуы үшін нәзік болып көрінуі керек» деген түсінік қалыптасқанын, сондықтан өзін барлығы түсіне бермейтінін айтты. Десе де Чен ол үшін еш қысылмайды.
«Мен тәннің саулығына қол жеткізіп, айналамдағы адамдарға шабыт беремін деп үміттенемін», - дейді ол.
Чен болашақта бодибилдинг бойынша кәсіби жарыстарға қатысуды жоспарлайды.
Stan.kz