Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда «сенім жүйесіне» енбеген адамдарға теміржол билеті сатылмайды

Қытайда «сенім жүйесіне» енбеген адамдарға теміржол билеті сатылмайды


Қытай елі «әлеуметтік сенім жүйесін» белсенді түрде жүзеге асырып жатыр. Яғни цифрлы технология арқылы әр адамның жеке рейтингі түзіледі. Соның негізінде түрлі жеңілдік беріледі немесе айыппұл салынады. «Әлеуметтік сенім кредиті» жүйесін 2020 жылы енгізуі мүмкін. Әзірге тәжірибе жүзінде бірнеше қалада сынақтан өткізілуде. Нұрбек Бекен, Twitter @NurBekenov: - Қытай 2014-2020 жылдарға арналған «Әлеуметтік сенім жүйесі» бағдарламасын біраз қалада тәжірибеден өткізіп жатыр. Ауқымды мәліметтерді сараптайтын жүйе BigData - адамның не сатып алатынын, айыппұлын, кімге лайк басқанын тіпті жүріп-тұрғаны жөніндегі ақпаратты жинайды. Осылайша жұртты бес топқа бөледі. Рейтингі жоғары топтағылар жұмысқа тез тұрады. Оларға проценті төмен несие де бұйырады. Мемлекеттік мекемелер жылы қабылдайды. Ал ең төменгі топтағыларды ешкім жұмысқа алмайды, жеңілдетілген несие де жоқ. «Әлеуметтік сенім жүйесіндегі» сенім жоқтарға поезд бен ұшақтың билеті де сатылмайды. Биыл алғашқы жартыжылдықта 4,25 млн.адам поездбен жүре алмады. Ол аздай 11 млн қытайлықтың рейтингісі төмен болып ұшаққа кіргізілмеген». Хао Икай, Бейжің тұрғыны: - Меніңше, «сенім жүйесі» кейбір өмірлік ұстанымы нашар, тәртібі төмен адамдар үшін дұрыс саясат деп ойлаймын. Қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстай алмайтындарға билеттің сатылмауы оларды тәрбиЕлеудің тиімді тәсілі сияқты.  Цинхуа университетінің профессоры У Жи бұл жүйе қылмыстың азайуына септігін тигізетініне сенімді. Тұрғындардың келеңсіз әрекеттері тек жазамен шектелмей, оның «сенімділік тариxына», рейтингіне әсер етсе, заң бұзуы да төмендейді, дейді. Осылайша азаматтар үшін заң талаптарын құрметтеу қалыпты құбылысқа айналады.
04 желтоқсан 2018 ж. 747 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930