Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы сайлау кезінде жанжал шықты, құрбандар бар

Түркиядағы сайлау кезінде жанжал шықты, құрбандар бар

Түркияда өтіп жатқан муниципалды сайлау кезіндегі жанжалдан екі адам қаза тапты. Бұл туралы Anadolu агенттігі жазды.


Фото: Анадолы

Бірінші жағдай Диярбакыр облысының Сур ауданындағы Огочлидара төңірегінде болды. Муниципалдық сайлауға дауыс беру кезінде тәртіпсіздіктер болды. Жанжал кезінде тас, таяқ, тіпті тапанша қолданылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 44 жастағы Эмин Челик қаза тауып, тағы 11 адам жарақат алған. Зардап шеккендер қаладағы ауруханаларға жеткізілді.
Оқиға кезінде аймаққа жіберілген екі жедел жәрдем көлігіне де шабуыл жасалған. Қайғылы оқиғаға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жергілікті құқық қорғау ұйымдары аймақта қауіпсіздік шараларын жүргізіп жатыр. 
Бурса облысында да төбелес болып, бір адам қаза тауып, екі адам жараланды. Жанжалға 32 жастағы Юсуф Йигит есімді жігіттің екі туысы мемлекеттік қызметке ұсынылғанына қарамастан, ол ауыл басшысы лауазымына басқа жергілікті рудан шыққан кандидатты қолдауы себеп болған. Жас жігіт пен оның екі туысының арасында төбелес шығып, салдарынан туыстарының бірі мылтық алып, оқ жаудырған. Жас жігіт сол жерде көз жұмды, екі адам зардап шеккен.
Айта кетейік, бүгін, 31 наурызда Түркияда муниципалды сайлау өтті. Сайлау 08:00-де басталып, 17:00-де аяқталады. 
01 сәуір 2024 ж. 86 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930