Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ташкентте Наурызды қалай тойлап жатыр

Ташкентте Наурызды қалай тойлап жатыр

Өзбекстан астанасында Наурыз мейрамына орай мерекелік сейіл, концерт, қолөнер шеберлерінің көрмесі мен ұлттық ойындар ұйымдастырылып, тұрғындарға тәттілер таратылуда, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.


Фото: Әлихан Асқар/Kazinform

Мерекелік шаралар Ташкент қаласының барлық бөлігінде, атап айтқанда Anhor, Ashgabat, Central Park, Tashkent City Park, Magic city сияқты саябақтар мен басқа да жерлерде кең ауқымда өтіп жатыр.
Көшелерден естілген керней мен сырнайдың сазы мерекенің басталғанынан хабар беріп, барша тұрғынды мейрамды тойлауға шақыруда. Ал, фольклорлық-этнографиялық топтардың ән-билер арқылы бейнелеп, жеткізіп жатқан өзбек ұлты мәдениетінің қайталанбас бірегей болмысы көрермендерді баурап алады.



Сондай-ақ, мерекеге орай ұйымдастырылған қойылымдар, ұлттық костюмдер көрсетілімі, қолданбалы өнер көрмесі, балалардың көңілді билері барлығына көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Бұлармен қатар, Ташкентте Наурызды бай өзбек асханасының тағамдарынсыз елестету мүмкін емес. Қазанда – палау, тандырда – самса, кеседе – көк шай және көктем мерекесінің басты тағамы – сумаляк. Бұл ежелгі кезеңдерден бері бидайдан дайындалатын ұлттық ас саналады, ол үлкен қазанда бір тәулік бойы қайнатылады. Оның құрамы көктем мезгілінде әлсірейтін адам азғасына таптырмайтын дәрумендерге толы.
Наурыз бүгінгі заманға дейін құндылықтарын жоғалтпай жетіп, қазіргі дәуір мен тарихты байланыстыратын күшке айналғандай. Сондықтан өзбекстандықтар бұл күндері әдет-ғұрып, салт-дәстүрін сақтай отырып, келер ұрпаққа табиғатпен үндестікте өмір сүру прицптерін дәріптеуге ден қояды.
22 наурыз 2024 ж. 173 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 39

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930