Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та белгісіз біреу мешіт имамын пышақтап кеткен

АҚШ-та белгісіз біреу мешіт имамын пышақтап кеткен



Американың Нью-Джерси штатының мұсылман қауымының өкілдері, соның ішінде көбіне этникалық түріктер тұратын Патерсон қаласында жергілікті мешіттердің бірінде қызмет ететін имамға қарулы шабуыл жасалды, деп хабарлайды Egemen.kz Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Оқиға жексенбі күні Omar Mosque мешітінде таңертеңгі намаз кезінде болған. 65 жастағы имам Сайед Әл-Нақиб сәждеге басын тигізгенде арқасына пышақ сұғылғанын байқаған.

Бейнебақылау камерасынан түсірілген кадрларда 32 жастағы шабуылдаушы Шериф Зорба намаз оқу барысында дұға етушілердің үстінен секіріп, шабуыл жасағанын көруге болады.

Алайда, өз дегеніне жеткен қаскүнем қолындағы пышағын тастамай, оны тоқтатқысы келгендерді қорқыта бастаған. Ақыр соңында ол ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Имам Әл-Нақиб мешітке ең жақын Әулие Джозеф ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің айтуынша, қазір оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
12 сәуір 2023 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930