Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Зілзала кезінде Мұстафа Өзтүріктің Түркияда тұратын екі қарындасы қайтыс болды

Зілзала кезінде Мұстафа Өзтүріктің Түркияда тұратын екі қарындасы қайтыс болды



Түркиядағы болған жер сілкінісі кезінде белгілі спортшы, таэквондодан 6 дан қара белбеу иегері Мұстафа Өзтүріктің қарындастары қайтыс болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.

Хатай провинциясының Дефне аймағында екі этникалық қазақтың үйінді астында қалғаны анықталған. Олар түркияда туған қазақ, белгілі спортшы Мұстафа Өзтүріктің туыстары екені белгілі болды. Қос қандасымыздың есімі Нұрай Қазақ және Бушра Қазақ. Анасы мен қызын туыстары Стамбұлдан алып шыққан.



Нұрай Қазақ 57 жаста болған. Ол Мұстафа Өзтүріктің інісі Рустам Өзтүріктің қызы. Қандасымыз ұзақ уақыт бойы Йордания елінде тұрып, Хатай провинциясына қоныс аударған. Нұрайдың қызы 31 жаста болған. Зілзаладан қайтыс болған марқұмдардың денесі Стамбұлда жерленеді.
Зілзала кезінде Қазақстанның 4 азаматының жоғалып кеткені айтылды. Кейін олардың үшеуі табылып, екеуінің зілзала кезінде қайтыс болғаны анықталды.
14 ақпан 2023 ж. 282 0

Қоғам

ӘДІЛЕТТІҢ ТЕМІРҚАЗЫҒЫ
03 қыркүйек 2025 ж. 13

PDF нұсқалар мұрағаты

№66 (9333)

03 қыркүйек 2025 ж.

№65 (9332)

30 тамыз 2025 ж.

№64 (9331)

26 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930