Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ конгрессмені вакцина алғаннан кейін КВИ жұқтырды

АҚШ конгрессмені вакцина алғаннан кейін КВИ жұқтырды

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының мүшесі, Массачусетс штатының демократы Стивен Линч Pfizer/BioNTech препаратымен вакцина алғаннан кейін коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы CNN заң шығарушы өкілдеріне сілтеме жасап хабарлады. 
Линчте аурудың белгілері жоқ. Ол карантинге оқшауланып, өз міндеттерін қашықтан орындайды.
Жұма күні ол тест тапсырды, нәтижесі оң болды. 
Бұған дейін оның қол астындағылардың бірінің вирус жұқтырғаны белгілі болған еді. 
Конгрессменнің айтуынша, оған 20 қаңтарға дейін коронавирустық вакцинаның екінші дозасы да енгізілген.
Қаңтар айының басында Швейцарияда Pfizer вакцинасы салынғаннан кейін бес адам қайтыс болды. 
Қазіргі уақытта вакцинацияның бірінші кезеңінен кейін пайда болған препараттың болжамды жанама әсерлері туралы 42 есеп тіркелгені белгілі. 
Оның ішінде 16 жағдай ауыр деп саналып, бесеуі қайтыс болған.
31 қаңтар 2021 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9361)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (9360)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031