Үш жыл бойы шашын жаңбыр суымен жуған әйел
Әйел үш жыл бойы шашын сірке суы және жаңбыр суымен жуып, қандай нәтижеге қол жеткізгенін айтып берді, деп жазады Mirror.
Нидерландыда тұратын 28 жастағы Рэйчал де Рондтың шашы қалың әрі бұйра-бұйра. Бұрын ол екі күнде бір рет басын жуатын, алайда уақыт өте келе шашының бұйрасы кете бастайды.
Сол кезде ол аптасына бір-ақ рет басын жууға бел буады. Бұл әжептәуір септігін тигізген көрінеді.
Ал 2017 жылы Ронд су сабыннан бас тартып, шашты алма сірке суы немесе жаңбыр суымен жуу керек деп естиді. Бұл әдісті пайдаланған әйелдің шашы қалыңдап, бұйралана бастаған екен.
"Жігітіме шашым қатты ұнайды. Бұрынғыдан да әдемі болып кетті дейді. Ол да менен көріп, екі жылдан бері су сабын қолданбай жүр. Алғашқы нәтижеге алты айдан соң қол жеткіздім", - деп Ронд тәжірибесімен бөлісті.