Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бірдей киім киеміз

Бірдей киім киеміз

АҚШ-тың Оборн қаласында тұратын ерлі-зайыптылардың некелескеніне 68 жыл болған. Олар осы уақыт бойы бірдей киім киіп келген екен. Бүгінде егде жастапғы ерлі-зайыптылар мұны некелерінің баянды болуының құпиясы деп біледі.

Фрэнсис пен Розмари Клонц жоғары мектепте танысып, 68 жыл бойы бір шаңырақ астында өмір сүрген. Егде жастағы әйелдің сөзінше, бірде өзінің анасы оларға бірдей жейде сатып алған екен. Мұнан кейін ерлі-зайыпты ұқсас киімдер кие бастаған. 
Розмар күйеуінің киетін киімдерін өзі таңдайды екен. Ал Фрэнсис жұбайы таңдаған киімдерді қуана киетін көрінеді. 
Сонымен қатар ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын сақтауға Құдайға деген сенімнің де көмегі бар екенін айтады. 
«Бірінші Құдай, содан кейін өзге адамдар, осылардан кейін ғана өзің тұрасың», - дейді өмірге деген көзқарасын сипаттаған ерлі-зайыпты

17 тамыз 2019 ж. 1 000 0