Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әзірейіл Мэри: Ажал шақыратын аспаз

Әзірейіл Мэри: Ажал шақыратын аспаз


"Сүзекті Мэри" – ХХ ғасырдың басында америкадағы БАҚ-ты шулатқан әйел. Ол жүзден артық адамға іш сүзегін жұқтырып, өзі ешқашан ауырмаған. "Сүзекті Мэри" (Typhoid Mary) – АҚШ-та терминге айналған сөз. Белгілі бір ауруды өзі біліп не білмей тарататын адамдарды кейіннен осылай атай бастаған. Тіпті ол әдебиетке, кинематографияға әсер етті. Marvel компаниясы Typhoid Mary деген комикс те жасаған. Өзін кінәлі санамаған, мәжбүрлі түрде жер аударылған ол 26 жыл аралда өмір сүрді.  Адам денсаулығына өте қауіпті инфекцияны тасымалдаған аспаз  Мэри Мэллон 1869 жылы Солтүстік Ирландияның ең кедей аудандарының бірінде өмірге келген. Шамамен 14-15 жасында АҚШ-қа қоныс аударған. Ол дәулетті әулеттердің үйінде аспаз болып жұмыс істей бастайды. Мэри тағамдарды дәмді етіп пісіретін. Оның ісіне наразылық білдіретіндей үй иелерінде ешқандай себеп болмаған.  1900-07 жылдар аралығында ол 7 бай жанұяның үйінде аспаз болып істеген. Кіші Мамаронек қаласындағы 2 апталық жұмысынан соң, аталған жерде алғашқы іш сүзегімен ауыратын адамдар пайда бола бастаған. Мэрри Манхэттенге барып, тағы бір дәулетті отбасының үйіне аспаз болады. Көп өтпей жанұя мүшелерінде іш ауруы мен безгек кездесе бастады. Ал кір жуушы әйел іш сүзегінен о дүниеге аттанған. "Сүзекті Мэри" – ХХ ғасырдың басында америкадағы БАҚ-ты шулатқан әйел. ©cosmo.ru Осылай іш сүзегі ауруы Мэрридің ізінен жүре бастады. Ол барған қорғаушы жанұясындағы жеті адамның алтауы осы ауруға шалдықты. Одан кейінгі отбасындағы он бір адамның оны тағы да ауырған. Мэри көп уақыт науқастарға көмектескен, бірақ өзі осы аурудың себепшісі екендігі үш ұйықтаса да түсіне кірмеген. Мэри тағы да үш отбасына аспаз болып барды және барлығында да осы жағдай қайталанған. Нью-Йорктегі банк қызметшісі Чарльз Уорреннің үйіне келгенде Мэрри өмірінде қиындықтар туа бастады. Банкир Уоррен Теодор Рузвельттің Ақ Ордасына жақын болған Лонг-Айлендтегі үйді жалға алып, өзімен бірге Мэриді ертіп апарады.  Теодор Рузвельттің мұражай үйі. ©wikipedia.org Дәл осы үйде алты бірдей адам іш сүзегіне шалдыққанда айналасындағы көршілер таңғалады. Себебі ХХ ғасыр басында бұл аурумен кедейлер ғана ауырады, қоғамның жоғары сатысында өмір сүретін қалталыларға іш сүзегі тән емес деп есептейтін. Үй иесі іш сүзегі үйді басқа бақуатты адамдарға жалға беруге кедергі келтіреді деп, ауру ошағын анықтау мақсатында санитария инспекторы Джорж Соперді жалдайды.  Шабдалы қосылған балмұздақ  Сопер алдымен су құбырын тексерген, сосын дастарханға тартылған малюскалы тағамдарды зерттейді – мұның ешқайсысында ауру қоздырғыш бактериялар жоқ екендігі анықталған. Айыптың бәрі Мэриге тағылды, себебі ол дайындаған тамақтың барлығы қайта өңделген болып, ауру тасымалдайтын бактериялардан дизенфекцияланған болатын. Дастарханға шабдалы қосылған балмұздақ қойылғанын көріп, тексере келе Сопер ауруды анық Мэри таратқанын анықтайды.  Әзірейіл Мэридің поэзиядағы көрінісі. © kitchendecor.club Осы уақытта бұл ғаламат жаңалық болатын. Себебі ешкім де сау адам ауру тасымалдайды деп есептемейтін. Өз теориясын растау және аурудың таралуының алдын алу мақсатында Джорж Сопер ирландиялық әйелді іздей бастайды.  Мэри жұмысын үнемі ауыстырып отыратындығы себепті, оны табу қиынға соқты. Сопер аспазды екінші адам өлімі болғаннан кейін ғана тапты. Бұл жолы Мэри бір бай отбасының жасөспірім қызының өліміне себепкер болған еді.  Инспектор Мэриге келіп, оны іш сүзегін тасымалдаушы ретінде талдаулар тапсыруға үгіттейді. Бірақ инспектордың сөзіне ашуланған  ол Соперге асхана шанышқысын ала тап берген. Кейін Сопер дәрігермен бірге келуге мәжбүр болды. ©disgustingmen.com Бес бірдей полицияның көмегімен Мэриді алып кетеді. Бірақ ол өзінің кінәсіз екендігін айтып, машина ішінде дәрігерге де, полицияға да қарсылық көрсеткен.  Мэри тапсырған талдаулар нәтижесінде оның өтінде іш сүзегі бактериясы бар екендігі дәлелденді. Тергеу нәтижесінде әйел тамақ дайындау кезінде қолын жиі жумайтындығы анықталған. Оның алғаш рет абақтыға түсуі Мэриді Норт-Бротер аралына 3 айға жер аударды. Онымен бірге иен аралда тек ит қана бірге болды. 2 жыл ішінде өзінің кінәсіздігін айтып, 2 рет сотқа шағымданды. Бірақ сот оның ісін қанағаттанарлықсыз деп тапты. 3 жылдан соң Мэриді ешқандай жерде аспаз болып жұмыс істемеу шартымен түрмеден босатады. Typhoid Mary-дің тетрдағы бейнесі. ©theartsreview.com Алғашында шынында да кір жуушы болып жұмыс істейді. Бірақ бұл жұмыстың ақысы аз һәм өте ауыр болатын. Содан соң Мэри өз есімін өзгертіп асханаға тағы да аспаз болып орналасты. Осылай 5 жыл бойы ауру ошағын таратушы болып бостандықта жүрді. 5 жылдан соң "Браун ханым" атты емханада 25 адам іш сүзегімен ауырып, 2 адам қайтыс болғаннан соң оның өтірігі ашылды. Мэллонды тағы да тұтқындады.  Екінші және соңғы түрме  Норт-Бротердегі соңғы жазасын өтеу кезінде ол медбикеге көмектесіп, құрт ауруымен ауырған науқастарға қарады. Өмірінің соңғы 23 жылын аталған жерде өткізді. Оған журналисттер жиі келуі себепті өте танымал адамға айналды. Оның қолынан бір шыныаяқ су алып ішу де өте қауіпті болды.  Сол жақтағы Мэри. Дәрігердің көмекшісі болып жүрген сәт.© disgustingmen.com 1932 жылы инсульттан зардап шеккен ол "Риверсайд" емханасында емделді. Ауру меңдеп денесінің жартысы сал болып қалады. 1938 жылы 69 жасында өкпе қабынуынан қайтыс болды. Өлімінен соң оның өт қабығында іш сүзегі бактериясы бар екендігі тағы бір рет дәлелденді. Денесі өртеліп, күлі Бронкстегі "Сент-Раймонд" зиратына көмілді.  ©garipansiklopedi.blogspot.com Есімін көп ауыстыратыны себепті "Әзірейіл Мэридің" құрбандарының саны нақты емес. Кей жердерде ауру жұқтырған науқастар саны 50 деп көрсетілсе, Сопер оны 122 адам деп айтқан. Олардың бесеуі қайтыс болған.   

Massaget.kz
16 мамыр 2019 ж. 697 0