Кениялық мұғалім әлемдегі үздік ұстаз атанды
Дубайда әлемдегі үздік ұстаздарды анықтайтын Global Teacher Prize премиясы лауреаттарының марапаттау рәсімі өтті. Оның биылғы жеңімпазы кениялық Питер Табичи (Peter Tabichi) атанды. Ол премиядан жеңіп алған $1 миллионды мектептегі компьютер лабораториясына жұмсамақ. Табичи Пвани елді мекенінде математика мен физикадан сабақ береді. Мектепте интернеті нашар бір компьютер бар көрінеді және бір мұғалімге 58 оқушыдан келеді. Ауылдағы балалардың үштен бірі жартылай жетімдер. Табичи ұстаз өз жалақысының көбін осы отбасындағы жағдайы нашар балаларға жұмсайды екен. Оларға арнап қосымша сабақтарды тегін береді. Ол мектептегі кітап тапшылығынан интернет-кафеде өз ақшасына материалдарды басып шығаруға мәжбүр. Табичи премиядан жеңіп алған сыйақысын мектептегі компьютер лабораториясын жасақтауға, талантты оқушыларды қолдауға, сондай-ақ шөлге төзімді дақылдар өндірісіне жұмсамақ. Global Teacher Prize премиясын 2015 жылдан бері үндістандық ірі қайырымдылық қоры ұйымдастырып келеді. Биыл ұйымдастырушылар 179 елден 10 мыңнан аса өтініш қабылдаған.
Massaget.kz