Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» Бокстан әлем чемпионаты: бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі

Бокстан әлем чемпионаты: бүгін қазақстандық бес боксшы сынға түседі



Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында бүгін, 9 мамырда ел құрамасынан бес боксшы рингке шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елорда уақытымен сағат 15:00-де басталатын күндізгі сессияда Асланбек Шымбергенов (71 келі) А рингінде сегізінші жұпта Израиль өкілі Мирослав Капулером-Ищенкомен кездессе, Нұрбек Оралбай (80 келі) Б рингінде он бірінші жекпе-жекте түркиялық Каан Айкутсунмен шаршы алаңға шығады.

Ал, 19:00-де басталатын кешкі сессияда А рингінде қазақстандық үш боксшы сынға түседі. Алғашқы жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) үндістандық Сачин Сивачпен, жетінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) үндістандық тағы бір боксшы Акаш Сангванмен кездеседі.

Сондай-ақ, он екінші жұпта Нұрқанат Райыс (75 келі) бразилиялық Вандерлей Перейрамен шеберлік байқасады.

Еске салсақ, 8 мамырда Санжар Тәшкенбай Ташкентте өзбекстандық боксшыны нокдаунмен жеңді.
---
09 мамыр 2023 ж. 355 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (9402).

13 мамыр 2026 ж.

№34 (9401).

09 мамыр 2026 ж.

№33 (9400).

05 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031