Төлем мөлшері артты
Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі ұрпақ жадында мәңгі жаңғырып тұрады. Бүгінгі ашық аспан мен бейбіт өмір – майдангерлердің өшпес ерлігінің арқасы. Жыл сайын қатары сиреп бара жатқан қарт жауынгерлерге мемлекет тарапынан көмек көрсетілуде. Ардагерлердің ауруханаларда ем алуынан бастап, коммуналдық шығындары, жүріп-тұруы тегін жүзеге асады.
Әр жыл сайын жеңіс күні қарсаңында ерекше сый-сияпатқа бөленетін соғыс ардагерлеріне биыл жасалатын материалдық көмектің мөлшері де белгіленді. Екінші дүниежүзілік соғыс адагерлеріне облыстан және аудандық бюджеттен берілетін бір жолғы көмек туралы мәліметті аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов мәлімдеді.
Әр жыл сайын жеңіс күні қарсаңында ерекше сый-сияпатқа бөленетін соғыс ардагерлеріне биыл жасалатын материалдық көмектің мөлшері де белгіленді. Екінші дүниежүзілік соғыс адагерлеріне облыстан және аудандық бюджеттен берілетін бір жолғы көмек туралы мәліметті аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Төлегенов мәлімдеді.
Ұлы Жеңістің 77 жылдығы қарсаңында облыстық бюджеттен 39 млн теңігеден аса қаржы бөлінген. Соның есебінен Ұлы Отан соғысының аудандағы жалғыз қатысушысына бір жолғы әлеуметтік көмек ретінде 1 млн теңге төленді. Сонымен қатар тыл ардагерлеріне және Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне 100 мың теңгеден жәрдемақы тағайындалған. Сондай-ақ соғыс жылдарында кемінде 6 ай тылда еңбек еткен аудан тұрғындары да қомақты сыйақыдан қалыс қалмады.
– Жергілікті бюджеттен Ұлы Отан соғысының мүгедегіне 122 мың 500 теңге, сонымен қатар бұрынғы кеңес одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған 2 ардагерге 91890 теңгеден берілді. Одан бөлек Ауған соғысына қатысқан 37 ардагерге, Семей сынақ полигонына қатысушы 30, Чернобыль АЭС апатының 26 қатысушысы мен мүгедегіне, Кеңес әскерінің 13 мүгедегіне, Тәжік-Ауған соғысына қатысушы 41 ардагерге, Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметші және бұрынғы КСР одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамында болған 2 ардагерге, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан 1 әскери қызметшіге 91890 теңгеден қаржылай көмек тағайындалды. Сондай-ақ Ауғанстанда немесе басқа да ұрыс қимыл болған мемлекеттерде қайтыс болған әскери қызметкерлердің және Чернобыль АЭС апатының салдарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың 4 отбасына 15315 теңгеден төленді, – дейді бөлім басшысы.
Айта кетейік аудандық бюджеттен үлестірілетін бір жолғы әлеуметтік көмек мөлшері аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес төленеді.
Тағы бір маңызды ақпарат – биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап елімізде айлық есептік көрсеткіш – 3180 теңге болып бекітілді. Соған сәйкес зейнетақы көлемі 4 процентке артқан. Одан бөлек жәрдемақы мен бала күтіміне байланысты төлемдердің де көлемі артып отыр. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Шиелі аудандық бөлімінің басшысы Ғалымжан Ембергенов мәлімдеді.
– «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына сәйкес қайта есептеу жұмысы толығымен жасалып, қайта есептелінген сома маусым айында сәуір, мамыр айларының айырмасымен қоса төленеді. Айта кететін жайт, келесі шілде айында тиісті сома төленген кезде өткен айдан аз төленді деп ізденудің қажеттілігі жоқ, – дейді ол.
Гүлхан СӘБИТҚЫЗЫ