
ФРАНЦИЯ ЕКІ МӘРТЕ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Мәскеуде футболдан әлем чемпионатының финалында Франция мен Хорватия құрамалары жасыл алаңға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Лужники» стадионындағы күллі әлем көз тіккен ойынға аргентиналық Нестор Питана бастаған қазылар төрелік етті. Бұдан жиырма жыл бұрын Францияда өткен дүниежүзілік додада қос команда...