Мақсат Исағабылов: Арманым Әлем чемпионы атанып, еліміздің абыройын асқақтату

Әрине, жеңіс еңбексіз келмейді. Күні-түні жалықпай жаттығып, жарысқа жауаптылықпен қарау мен жаттықтырушылардың дұрыс ұйымдастыра білуінің арқасында осындай жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз.
Сондай-ақ, ата-анам, бауырларымның да тікелей қолдауының арқасында белестерді бағындырып келемін.Сондықтан да мені спортқа жетелеп әкелген әкеме айтар алғысым шексіз.
Ендігі меже – Әлем чемпионы атанып, еліміздің абыройын асқақтату.
Барша спорт сүйер қауымды, Сыр спортшыларын, бапкерлерімді Қазақстан Республикасының Спорт күні мерекесімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер мен табыстар тілеймін.
Денім сау болсын десеңіз, спортпен шұғылданыңыздар, балаңыздың өмірі жарқын болсын десеңіз, спортқа баулыңыз.
Мереке құтты болсын!
Мақсат ИСАҒАБЫЛОВ,
Қазақ күресінен «Әлем барысы» турнирінің күміс жүлдегері