Жүйелі жұмыстың жетістігі мол
Бір күні жиынның ортасында Досбол шешеннен біреу:
Қол бастау қиын ба?
Жол бастау киын ба?
Сөз бастау киын ба? – деп сұрайды. Сонда Досбол би:
Қол бастау қиын емес,
Көк найзалы ерің болса.
Жол бастау қиын емес,
Соңыңнан ерген елің болса.
Бәрінен сөз бастау қиын,
Тауып айтсаң мереке қылады,
Таппай айтсаң келеке қылады! – депті.
Отызында орда бұзып, ел билігіне араласып, датқа атанған Досбол би жайлы ел аузында мұндай мысалдардың қатары көп. Қоқан хандығы Досбол биге қосымша датқа атағын осындай алғыр, шешен, көсемдігіне қарап берген екен. Әсіресе, Сыр халықының ортасында оның абырой-беделі зор болған. Қара қылды қақ жарған әділ би атанған. Ел арасындағы дау-дамай, бітімгершілік мәселелерін шешіп, билікке жастайынан белсене араласқан. Оның «Жас кезімде датқа болдым, Жалпақ жатқан қазақ пен сартқа болдым. Қызметім жаққан соң, Қалың ел үшін атқа қондым» деген сөзі шындығында, қазақ пен өзбекке сіңірген еңбегі еселі болғандығын меңзесе керек.
Қырау қатқан терезеге қарап қалың ойға шомылып кетсем керек, фото тілші Бақытжан ағайдың – Жүр, түсеміз, – деген дауысынан селт ете қалдым. Асығыс сөмкемді иығыма ілдім де, көліктен түсіп клуб үйіне қарай бет алдық. Бұл жоғарыда айтқан Досбол датқаның есімімен аталатын ауыл болатын. Келуіміздің себебі, әдеттегінше, аудан әкімі Әшім Оразбекұлының және ауыл әкімі мен учаскелік полицияның жыл бойғы атқарған жұмыстарын тыңдау, саралау, баға беру.
Ахуалы тұрақты Ақтоған
Клуб іші лық толы. Тып-тыныш. Жиналғандардың барлығы шешеннің ауылын басқарып отырған азамат қалай сөйлер екен деп күтіп отырғандай. Жиынға облыс әкімінің бекіткен кестесі бойынша облыстық экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев арнайы қатысты. Қалыптасқан дәстүр бойынша алдымен ауылдағы учаскелік полиция инспекторы Қанат Жұмановтың есебі тыңдалды. Ауылда өткен жылы 6 қылмыс тіркелгенімен, оның тек екеуі ғана ашылған. Осыған қарап-ақ ішкі істер қызметкерінің ісіне қырағылық жетіспей тұрғанын байқадық. Одан соң ауыл әкімі Ержанбек Ахметов мінбеге көтерілді. Ауыл әкімінің баяндауынша, ауыл тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалы тұрақты. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша 10 мектеп бітіруші түлек мемлекеттік грантты жеңіп алса, 1 оқушы «Алтын белгіні» ақтаған. Жыл бойы 250-ге жуық көшет отырғызылып, ауылдан 1,4 тонна күл-қоқыс шығарылған. Өткен жылы демеушінің көмегімен соғылған су жаңа мешіттің ауыл тұрғындарының игілігіне берілгенін де айта кеткен жөн.
Әттеген-айы, елді мекенде әлі күнге ауызсу мәселесі толық шешімін таппаған екен. Небәрі 200 тұрғын үйдің 30-на су кірмеген. Ауылдағы айқыш-ұйқыш жолдар да кезек күттірмейтін мәселелер қатарында. Одан бөлек, ауыл әкімі жаңа типтік емхана және жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етуді қолға аламын деп уәдесін берді. Одан соң аудан әкімі Әшім Оразбекұлының өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және одан әрі дамуының негізгі бағыттары туралы баяндамасы тыңдалды. Жиын соңында ауылдағы ардагерлер кеңесінің төрағасы Дайрабай Сармолдаев сөз алып, ауыл тұрғындарының атынан ризашылығын білдіріп, батасын берді.
Жөлектегі жүйелі жұмыс
Келесі кезекте аудан әкімі Ә.Оразбекұлы бастаған делегат Жөлекке қарай бет алды. Мұндағы ауыл әкімі Базарбек Саховтың баяндамасынан байқағанымыздай, ауылда спорт, кәсіпкерлік салаларында қарқын бар. Ауыл басшысының сөзіне сүйенсек, мәдениет үйі жанынан «Әжелер сазы», «Ардегерлер» ансамбльдері жұмыс жасап келеді. Ал, ауыл тұрғыны, таэквондодан спорт шебері Ғани Тілеубаев ауыл балаларына жетекшілік жасап, спортқа баулуды қолға алған. Шәкірттері облыстық, республикалық чемпионаттардан жеңіспен оралып, ауданның мерейін үстем етіп жүр.
Ауыл тұрғыны Әсем Шахар «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 900 мың теңге грант ұтып алып, наубайхана ісін қолға алған. Бүгінде Жөлектік ағайынды күнделікті ыстық нанмен қамтып отыр. Одан бөлек, Сымбат Сәнтаева «ZhAS PROJEKT» жобасы аясында 1 млн. теңгенің грантын ұтып алған. Нәтижесінде, мектеп ішінде жастарға тегін ағылшын курсын өткізуде. Бұдан өзге өткен жылы бірнеше ауыл азаматы бірігіп алғаш рет Бестам өңірінен 15 га жерге бақша дақылдарын еккен. Ауыл тұрғындарының егіні бітік шығып, жұмсалған шығын толығымен өтелген. Бұл ауылдағы кәсіпкерлік саласында жасалған жұмыстардың бір қатары ғана.
Ауыл әкімі баяндамасын қорытындылай келе, үстіміздегі жылы елді мекен көшелерін орташа жөндеу, жаяу жүргіншілер жолын салу мен жарық жүргізу жұмыстарын қолға алатынын жеткізді.
Ортақшылдағы оң істер
Жөлектегі жағымды істерге оң бағасын берген зиялы қауым түс ауа Ортақшыл ауылына қарай ат басын бұрды. Тарысы мен талқаны ауылдың брендіне айналған ортақшылдық ағайын мектептің акт залына түгелдей жиналыпты. Алдымен, баяндамасын жасаған учаскелік полиция инспекторы К.Ақшаловтың мәліметінше жыл бойы ауылда бір ғана қылмыс орын алған. Есесіне, әкімшілік құқық бұзушылықтың саны – 52-ге жеткен. Келесі болып ауыл әкімі Жақсылық Ноғайбаевтың есебі тыңдалды. Округке қарасты Ортақшыл және Қызылқайың елді мекендерінде ауызсу мен аяқ су мәселесі шешімін тапқан. Ауыл тұрғындарының есік алдындағы жерлерін қоса есептегенде өткен жылы 250 гектарға тары, картоп және өзге де бақша өнімдері егілген. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 28 жеке кәсіпкер өз жұмысын бастаған. Ортақшыл ауылындағы бұрынғы әкім аппаратының 2 бөлмесі жалға алынып, шаштараз бен асхана ашылған.
Жаңа типтегі емхана бұл ауылға да қажет. Оған қоса жөндеу жұмыстарына сұранып тұрған бірнеше көше бар екенін байқадық. Сөз соңында ауыл әкімі жабық спорт кешенін, балалар ойын-сауық алаңы мен демалыс саябағын салуға ықпал жасайтынын жеткізді.
Осылайша, белгіленген кестеге сай ауыл әкімдерінің бір күндік есебін аяқтаған көш ымырт түсе кентке қарай бет алды.
Гүлхан ЯХИЯЕВА,
Бақытжан Бәйімбет (фото),
Ақтоған-Жөлек-Ортақшыл.