100 ЖАҢА ОҚУЛЫҚ: АЛАН БАРНАРД. «АНТРОПОЛДОГИЯ ТАРИХЫ МЕН ТЕОРИЯСЫ»

Әлемнің үздік университеттерінде кеңінен қолданылатын профессор Алан Барнардтың бұл еңбегі антропологияның ғылым ретінде қалыптасуына шолу жасап, антропология туралы заманға сай, пәнаралық түсінік қалыптастырады.
Кез келген пәнді жете түсіну үшін оның тарихын білудің маңызы зор. Алан Барнард антропология пәнінің қалыптасуындағы көзқарастардың даму тарихын зерттеп, теориялар мен мектептердің шығу тегін талдап, түрлі идеялар төңірегіндегі пікірталасты сараптап, жүйелеген.
Бұл оқулық – сол жұмыстың нәтижесі. Кітап мазмұны антропология ғылымының қалыптасу тарихын, ондағы эволюция теориясы туралы тұжырымдарды, диффузионистік және тарихи-мәдени аймақтар теорияларын, функционализм және құрылымды-функционализм, әрекетке негізделген теорияларды, процессуалдық және маркстік көзқарастағы зерттеулерді кеңінен қамтыған.
Аталған оқулық антропология тарихы мен теориясын меңгеруге ден қойған студенттер мен жас мамандарға арналған.