Өркенді өңірдегі өрелі істер
Өндірісі өркен жайып, кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп келе жатқан өңірде тілге тиек етер толымды істер жетерлік. Сан сала бойынша сапалы істердің көзайымына айналған киелі мекенге өткен аптаның соңғы жұмыс күнінде облыс әкімі Қ.Көшербаев іс сапармен атбасын бұрды.
Облыс әкімінің іс сапары Социалистік Еңбек Ері Шырынкүл Қазанбаеваның отбасына көңіл айтуы жоралғысынан басталды. Кешегі өткен дәуірдегі қиын-қыстау кезеңінде елі үшін аянбай еңбек еткен жуырда қалың елінің қабырғасын қайыстырып, бақилыққа аттанған ел анасының шаңырағында болып, рухына құраннан дұға бағыштады.
Мұнан соң, аудан әкімдігінің мәжіліс залында облыс әкімі Қ.Елеуұлының төрағалығымен өңірдегі өріс алып жатқан ілкімді істерді саралауға бағытталған жиын болып өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары мен тиісті басқарма басшылары, қаржы ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Биыл облыс бойынша «Кәсіпкерлікті қолдау жылы» болғандықтан, аудандағы кәсіпкерлік саласының дамуы жөніндегі мәжілісте шағын және орта кәсіпкерлік – ел экономикасының ұтқыр әрі нәтижелі секторының бірі. Сондықтан, аталған салаға басымдық берілуі тиіс екендігі айтылды. Ішкі өнімнің елеулі бөлігін өндіру осы саланың үлесінде екені айтпаса да түсінікті. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы салалық және өңірлік тауарлар мен қызметтерді көбейту арқылы қоғамдағы тұрақтылықтың басты негізі болып есептелетін орта тап өкілдерін қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер жасалмақ.
Өңір басшысы Қ.Көшербаев өз сөзінде «Жаңа жұмыс орындарының ашылуы арқылы қоғамдық саяси-тұрақтылық қамтамасыз етіледі. Осы кәсіпкерлікті қолдауға қыруар қаржы, атап айтқанда 32 млрд. теңге бөлінді. Ал, бұдан бірнеше жыл бұрын, яғни 1999 жылы Қызылорда облысы бойынша жылдық бюджеттің өзі 9,6 млрд. болатын» деп, осы көрсеткіштерді саралай отырып-ақ, қаншалықты ілгері дамығандығымызды байқауға болатындығын меңзеді аймақ басшысы. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған түрлі бағдарламаның тиімділігі нәтижесінде облыс бойынша осы салаға бет бұрғандардың үлесі 22-ден 26%-ға өскен. Тұрақты жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны өткен жылғымен салыстырғанда 5,2%-ға артқандығы да назардан тыс қалмады. Мұнан әрі әңгіменің өзегіне айналған тақырып медициналық әлеуметтік сақтандыру жайы болды. Ия, айтса айтқандай-ақ, аталған бағдарлама жуырда өмірімізге еніп, тұрғындардың медициналық сапалы ем-дом алуына тиімді мүмкіндіктер жасалады. Ол үшін әуелі тиісті айқындалған әлеуметтік топтардағы азаматтардан бөлек, тұрғындар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шартына сәйкес, тиісті жұмыс көзінен белгіленген пайыздық мөлшерге сәйкес ай сайынғы қаржылай аударымдар жасап отыруы қажет. Ол үшін, екі қолға бір күрек таппай, бос жүрген жандарды жұмыспен қамтып, кәсіпкерлікке бағыттап, жағдай жасау қажет. Аймақ басшысының айтуынша, бүгінгі таңда облыс көлемінде 97 мың адам өзін-өзі жұмыспен қамтығандар категориясына жатады. Облыс әкімдігінің тікелей ықпалымен жасалған кешенді жұмыс жоспарының нәтижесінде бұлардың 36 мыңының мәселесі шешімін тапқан көрінеді. Бұл – әлеуметтік экономикалық-саяси мәселе болып отырғандығын атап өткен Қ.Көшербаев кәсіпкерлікті қолдау қажеттігін нықтады. Ол үшін кәсіпкерлік субъктілерінің санын әлі де болса арттыра түсу қажет. Осы мақсатта облыс көлеміндегі 264 ауылдық округке облыс орталығынан бекітілген кураторлар жоғары нәтиже көрсетіп, ыждағаттылықпен жұмыс жасауы қажеттігін қатаң түрде тапсырды. Атап айтқанда, бүгінгі таңда әрбір ауылдық округке облыс орталығындағы басқармалар, аумақтық департаменттер мен инспекциялардың лауазымды басшылары кураторлыққа бекітілген. Бұл кураторлар өздеріне бекітілген ауылдық округ әкімімен бірлесіп, сол елді-мекеннің кәсіп етемін деген ниетті азаматтарына құжаттық көмек көрсетіп, кәсібіне қажетті қаражатқа тиісті заңдылығына сәйкес кедергісіз қол жеткізуіне ықпал жасайды.
– Мен қазір сіздердің ақпараттарыңызды тыңдаймын. Екі-үш айдан соң облыс орталығында осы мәселеге байланысты өтетін жиында жұмыстарыңыз еленіп, екшеленеді. Бұл кезге дейін ақпараттық түсіндірме жұмыстарын атқарып келдік. Мен нақты жұмысты күтемін, – деді аймақ басшысы.
Мұнан әрі сөз кезегін алған аудан әкімі Ә.Оразбекұлы жаппай кәсіпкерлікті дамытудың кейбір мәселелері туралы баяндама жасады. Білгеніміздей, үстіміздегі жылдың бес айында статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 4658 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілері 12,8 пайызға артқан. Ондағы жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлердің саны 3456-ны құрап, 7686 адам жұмыспен қамтылыпты. Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасының 2 тобына 38 адам оқуға жолдама алып, оқу курстарын бастап кеткен. Ал, аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына «Бастау Бизнес» оқу курсынан өтуге ниет білдірген 110 адам тіркеуде тұрғандығын да білдік.
Аудан тұрғындарын жаппай кәсіпкерлікке тарту мақсатында аудан көлемінде 2018 жылға арналған кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы әзірленген картаға сәйкес, кент және ауылдық округтерден жыл көлемінде барлығы 730 кәсіпкерлік субъектілерін ашу жоспары баяндалды. Мемлекеттік кірістер басқармасына қаңтар-мамыр айларында 381 кәсіпкер тіркеліп, жоспар 52,1 пайызға орындалған.
Облыстық қызмет көрсету орталығының директоры Қ.Назарбекқызы да салаға қатысты ақпараттарымен бөлісті. Нақты айтқанда, жыл басынан облыстық кәсіпкерлік-туризм басқармасы тарапынан 2452 қызмет түрі көрсетілсе, оның 152-сі Шиелі ауданына тиесілі екендігін жеткізді. Мұнан әрі Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының аудандағы филиалының директоры Р.Нысанхановтың тақырып төңірегіндегі баяндамасы тыңдалды.
Мәжілістің соңында Ақмая, Жөлек, Жаңатұрмыс, Талаптан, Телікөл, Төңкеріс ауылдық округтері әкімдерінің есепті хабарламалары тыңдалды. Мәжілістің қорытындысы бойынша аймақ басшысы кент және ауылдық округ әкімдеріне қыркүйек айына дейін кешенді іс шаралар жоспарына сәйкес жұмыс жасауды қатаң тапсырды. Бұл талап үдесінен шыға алмағандарға шара көрілетіндігін де ескерткен өңір басшысы бұған дейін үш-төрт рет осы мазмұндағы кездесу өткендігін, енді сөзден іске көшетін сәт келді, – деп өз сөзін қорытты Қ.Көшербаев. Мұнан соң аудан әкімдігінен шыққан меймандар аудандағы «Думан-Шиелі» ЖШС әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысымен танысты. Орталықтың жүйелі жұмысына куә болған облыс басшысы Қ.Көшербаев бұл істің аймаққа үлгі етерлік екендігіне тоқталды.
Әрі қарай ауданға сапар күн тәртібі бойынша облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемовпен жалғасты.
Облыс әкімінің орынбасары алдымен Тартоғай ауылындағы «Құлагер» бала-бақшасының лентасын салтанатты түрде қиып, ауыл тұрғындарын осынау қуанышымен құттықтады.
– 2015 жылы алдымызға мақсат қойған болатынбыз. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту мәселесін толығымен шешуді қарастыру және үш жасар баланы бала бақшаға алу жұмыстары бойынша оң нәтижеге қол жеткіздік. Мінекей, ауылдық округте де бөбекжай ашылып, сіздер мен біздер сол қуаныштың куәсі болудамыз, – деді. Бала бақша негізінен 2007 жылдан бері №153 Ш.Есенов атындағы орта мектептің ескі ғимаратында жұмыс жасап келген. Құны 135 млн. теңгені құраған бөбекжайдың құрылысы өткен 2017 жылдың мамыр айында басталған. Жалпы алаңы 1437,97 шаршы метр болатын нысан, 90 орынға арналып, мекемеде қазір 60 бала тәрбиелену үстінде. Бала тәрбиесі – маңызды іс болғандықтан, бұл орын заман талабына сай жабдықталыпты.
Сапар аясында аталмыш ауылдағы тәулігіне 250-300 нан шығаратын наубайхананың жұмысымен де танысуды жөн санаған қонақтар ілкімді істің куәсі болды. Құны 5 млн. 300 мың теңгені құраған бұл шағын бизнестің иесі Нағашыбай Өркенбайұлы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ұйымдастырған «Бизнес кеңесші» жобасы бойынша қысқа мерзімді оқу курсын аяқтап, осы жобаны қолға алғандығын атап өтті.
Ауыл әкімі Д.Сүйіндік Тартоғай елді мекенінің тыныс-тіршілігімен таныстырып, нәтижесімен бөлісті.
Осылайша, өңірдегі өркенді істердің куәсі болуға себеп болған іс сапар осы тұстан өз мәресіне жетті. Сөйтіп, облыс әкімінің тағы бір жұмыс сапары киелі Шиелі тарихының жаңа парақтарын ашқандығы анық.
Дина Әбіласанқызы,
Жұлдызай Ноғайбайқызы.
Суреттерді түсірген Бақытжан Бәйімбет.