Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАРИХ, ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ҒАРЫШ ТОҒЫСҚАН ӨЛКЕ

ТАРИХ, ТАБИҒАТ ЖӘНЕ ҒАРЫШ ТОҒЫСҚАН ӨЛКЕ

Сыр өңіріне сапар шеккен адам бір ғана дәуірдің ізімен жүрмейді. Бір бағыт сізді мыңжылдық тарихы бар Сығанақтың орнына апарса, енді бірі адамзат баласының ғарышқа алғаш қадам басқан «Байқоңырына» бастайды. Қорқыт ата мәңгілік өмірді іздеген Сыр жағасында қобыз сарыны естілгендей болса, Аралға қарай жол тартқан жолаушы бір кездері айдыны шалқыған теңіздің табанынан адамзатқа ортақ экологиялық тағылымды көреді. Қамыстыбастағы көл жағасы, Жаңақорғанның шипалы балшығы, Сауысқандықтағы бағзы суреттер, Жанкент пен Оқшы ата, Ақтас мешіті мен Хорасан ата секілді қасиетті мекендер осы өлкенің туристік картасын бір-біріне ұқсамайтын бояулармен толықтырады.
Дүниежүзі­лік туризм күні қарсаңында Қы­зылорда облысының бұл ба­ғыттағы көрсеткіштеріне көз салсақ, Сыр еліне саяхаттау­шы­лар қатары жыл санап көбейіп келе жатқанын байқауға бо­лады. Өткен жылдың қорытын­дысында облысқа 212,3 мың турист келген. Оның 199,8 мыңы – ішкі, 12,5 мыңы ше­тел­­­дік туристер. Былтыр салаға 54,4 млрд теңге инвести­ция тартылған. Биылғы алғашқы жартыжыл­дықта оң динамика сақ­­талды. Об­лыстық туризм бас­қар­ма­сының мәліметінше, биылғы екінші тоқсанның қо­ры­тындысында туристердің жал­пы саны 120,4 мың адамға жетіп, өткен жыл­дың сәйкес кезеңінен 15,8 па­йызға артты. Соның 113,7 мыңы – ел ішінен келген саяхатшылар, 6,7 мыңы – шетелдік қонақтар.
Бұл көрсеткіштер Сыр өңі­рінде туризмнің біртіндеп эко­номиканың жаңа бағытының біріне айналып келе жатқанын аңғартады. Туристер көбейген сайын қонақ қабылдайтын ин­фрақұрылым да кеңейіп келе­ді. Қазір облыста жалпы сы­йым­дылығы 5108 болатын 153 орналастыру орны жұмыс іс­тейді.
ҒАРЫШҚА БАСТАҒАН МЕКЕН
Қызылорда туризмінің өз­ге­лерден басты ерекшелігінің бірі – «Байқоңыр». Жер шарында ғарыш тарихын дәл осы ме­кендегідей сезінуге болатын орын көп емес. Адамзаттың ға­­рыш дәуірі басталған айлақ, зы­мырандар ұшқан алаңдар мен ғарышты игеру тарихына қа­тысты нысандар шетелдік саяхатшының да, отандық ту­­ристің де ерекше қызы­ғу­шы­лығын тудырады. Сондықтан «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы Қа­зақ­­стан­ның туристендіру кар­­тасына республикалық дең­гей­дегі нысан ретінде енгізілген.
Байқоңырдың туристік әле­уеті тек ғарыш айлағымен шек­телмейді. Бұл бағытты Қорқыт ата кешенімен, Жанкентпен жә­­не Сыр бойындағы тарихи орындармен байланыстыратын тұтас туристік желі қалыптас­тыруға мүмкіндік бар. Жақында шетелдік танымал тревел-бло­герлердің Қызылордаға келіп, Президент саябағын, Қорқыт ата мемориалдық кешенін ара­лап, «Байқоңыр» ғарыш айла­ғын­да түсірілім жасауы да ай­­­мақтың халықаралық ауди­то­­рияға таныстырылатынын көр­сетеді.
ҚОБЫЗ САРЫНЫ ЕСКЕН ҚАСИЕТТІ ЖЕР
Сыр бойының туристік брен­діне айналған тағы бір орын – Қорқыт ата мемориалдық кешені. Ұлы ойшыл Қорқыттың есімі түркі дү­ниесіне ортақ. Сондықтан Қар­мақ­шы топы­рағындағы кешенге Қазақ­стан­ның әр өңірінен ғана емес, шет­елден де саяхатшылар ке­леді. Мұнда турист сәулет ес­керткішін тамашалап қана қой­майды, түркі дүниесінің дү­ние­танымымен, аңызымен, күй өнерімен бетпе-бет келеді.
Қорқыт ата кешенінің «Бай­қоңырға» барар жолда ор­на­ласуы да оның туристік маңы­зын арт­тырады. Бір са­парда турист ға­рыш тарихы мен мың­жылдық түркі өр­кениетінің мұ­расын қатар көре алады. Жыл­дың ал­ғашқы үш айының өзінде Қор­қыт ата кешеніне 3805 адам барған, оның 514-і шетелдік қо­нақтар болған.
СЫҒАНАҚ – ДАЛА ӨРКЕНИЕТІНІҢ ШЕЖІРЕСІ
Туристендіру картасындағы республикалық деңгейдегі та­ғы бір ірі нысан – Сығанақ қала­шығы. Ортағасырлық қаланың орны – Сыр бойындағы өрке­ниет тарихы қаншалықты те­рең  екенін көрсететін ар­хео­ло­гиялық мұра. Бір кездері саяси және сауда орталығы бол­ған шаһардың жұрты бүгін та­рихқа қызыққан саяхатшыны бір­неше ғасыр кейінге жете­лейді.
Сығанақпен бірге Жанкент қалашығы, Сауысқандық шат­қалындағы петроглифтер де өңір­дің тарихи туризм мүмкін­дігін кеңейтеді. Сауысқан­дық­тағы тасқа қашалған бейнелер осы даланы мыңдаған жыл бұ­рын мекендеген адамдардың бізге қалдырған хаты секілді. Осындай орындардың ерекше­лігі – оларды жай та­машалап қана қоймай, ғылы­ми-таным­дық туризммен ұштас­ты­руға бо­ла­тындығында.
АРАЛ: ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҮЙТКІЛДЕН – ЖАҢА ТУРИСТІК ТАНЫМҒА
Сыр өңірінің туристік кар­тасында Аралдың орны мүлде бөлек. Әлемдегі ірі те­ңіздің бірінің тартылуы адам­зат тарихындағы ең ауыр эко­логиялық оқиға­лар­дың біріне айналды. Бүгін­де Арал­ды кө­ру­ге келетін сая­хатшы тек жо­ғалған теңіздің ізін ізде­мей­ді. Ол табиғат пен адам арасын­да­ғы байланыстың қаншалықты нәзік екенін се­зінеді.
Осы ерекшелік «Geopark Aral» жобасына жаңа мазмұн беріп отыр. Жоба Қазақстанның туристендіру картасына рес­публикалық деңгейдегі нысан­дар қатарына енгізілген. Оның аясында Аралдың геология­лық, табиғи, тарихи және эко­ло­гиялық мұрасын біртұтас ту­ристік кеңістік ретінде таныс­тыруға мүмкіндік бар. Арал геопаркін ЮНЕСКО-ның жа­һан­дық геопарктер желісіне енгізу бағытында да жұмыс жүр­гізіліп, халықаралық сарап­шылар өңірде бағалау миссия­сын өткізді.
Аралдағы туризм теңіздің құрғаған табанымен ғана шек­тел­мейді. Қамыстыбас көлі­нің курорттық аймағы – жазғы де­ма­лыс үшін Сыр тұрғындары жиі таңдайтын орындардың бірі. Көл жағасындағы жағажай де­­малысын экологиялық, этно­гра­фиялық және танымдық ба­ғыттармен байланыстыру Арал туризмінің мүмкіндігін одан әрі кеңейтеді.
КИЕЛІ МЕКЕНДЕР КАРТАСЫ
Сыр бойын қасиетті орын­дарсыз елестету мүмкін емес. Облыстың туристендіру карта­сына Ақтас мешіті, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал ишан кесенелері енгізілген. Әр­қай­сысының артында ел жа­дын­да сақталған тарих, аңыз бен рухани мұра жатыр.
Жаңақорғанның шипалы балшығы да өңірлік деңгейдегі туристік нысандар қатарында. Табиғи емдік ресурстарды са­наторийлік-сауықтыру туриз­мімен ұштастыру бұл ауданның туристік әлеуетін арттыра тү­седі. Ал Ханқожа көлі таби­ғат аясындағы демалыс бағы­тын толықтырады.
Осылайша облыстың турис­тендіру картасына бар­лығы 13 нысан енген. Республи­ка­лық маңызы бар үш нысан – «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы, Сығанақ қалашығы және «Geopark Aral». Өңірлік деңгейде Ханқожа кө­лі, Қорқыт ата мемориалдық кешені, Қамыстыбас көлі­нің курорттық аймағы, Жаңақор­ған курорттары, Сауысқандық петроглифтері, Жанкент қала­шығы, Ақтас ме­шіті, Хорасан ата, Оқшы ата және Марал ишан кесенелері бар.
БІР БАҒЫТТА  БІРНЕШЕ ДӘУІР
Туризм дамуы үшін саяхат­шы сол орынд­арға оңай жетіп, бір са­­пардың ішінде бірнеше ны­сан­ды көре алуы керек. Осы тұрғыдан Қызылорда облы­сында 11 туристік маршрут пен соқпақтың мемлекеттік тізі­лі­мінің бекітілуі маңызды. Бұл бағыттарға туристендіру кар­та­сындағы негізгі орындар енгі­зілген.
Мұның өзі Сыр өңірінде «бір нысан – бір сапар» қағи­датынан кешенді саяхатқа кө­шуге мүм­кіндік береді. Мәсе­лен, Қы­зылордадан жолға шық­қан ту­рист Қорқыт ата ке­шенін көріп, әрі қарай «Бай­қоңырға» сапарлай алады. Бас­қа бағытта Сығанақ пен Жаңа­қорғанның тарихи жә­не табиғи нысандарын бай­ла­­ныстыруға болады. Арал ба­ғыты Қа­мыс­тыбас, теңіз тарихы мен геопарк нысан­дарын бір маршрутқа то­ғыс­тырады.
Сырдың туристік артықшы­лығы да осында. Мұнда сая­хат­шыға бір ғана табиғат кө­рі­нісі немесе бір ғана тарихи ескерткіш ұсынылмайды. Ға­рыш пен көне қала, қобыз бен петроглиф, киелі кесене мен шипалы су, көл мен тартылған теңіз бір облыстың аумағында қатар орна­лас­қан.
ТУРИЗМ – ӨЛКЕНІ ТАНЫТУ ТІЛІ
Әлемдегі туризмнің таби­ғаты өзгеріп келеді. Қазіргі сая­хатшы жай ғана жақсы қонақүй немесе әдемі көрініс іздемейді. Ол барған жерінің тарихын естігісі, жергілікті тағамынан дәм татқысы, сол өлкенің ада­мымен сөйлескісі, өзгеше әсер алып қайтқысы келеді. Осы өл­шеммен қарағанда Сыр бо­йының әлі толық ашылмаған мүм­кіндігі мол.
Өңірге келетін туристер са­нының артуы сұраныстың бар екенін көрсетеді. Өткен жы­лы Қазақстан бойынша ке­луші туристер ағынының жоға­ры өсі­мі байқалған өңірлер қата­рын­да Қызылорда облысы да аталды.
Ендігі міндет – келген адам­ды көбейтумен ғана шектелмей, оның Сыр өңірінде өткізетін уақытын ұзартып, бір сапарда бірнеше ауданға баруына жағ­дай жасау. «Байқоңырға» келген мейман Қорқыт атаны көрсе, Қызылордаға келген саяхатшы Сығанаққа жол тартса, Аралға барған турист Қамыстыбас пен «Geopark Aral» бағыттарын ара­ла­са, туризмнің жергілікті эко­но­­ми­каға беретін нақты пай­дасы да артады.
Сыр бойының мыңжылдық тарихын бір күнде танып біту мүмкін емес. Бұл өлкеде Ұлы Жібек жолының ізі де, оғыз-қыпшақ дәуірінің мұрасы да, Қорқыттың қобызы да, ғарышқа көтерілген зымыранның ізі де, адамзатқа сабақ болған Арал­дың тағдыры да бар. Осынша тарих пен табиғат бір арнаға то­ғысқан мекеннің туристік әле­уеті де соған сай ауқымды.
Дүниежүзілік туризм күні – тек сала мамандарының кәсіби мерекесі емес. Бұл – туған жер­дің қадірін біліп, оны өзгеге танытудың мә­нін еске салатын күн. Сыр еліне кел­ген саяхатшы өзімен бірге сурет пен кәдесый ғана емес, қобыз­дың қоңыр үнін, «Бай­қоңырдың» ғарышқа ұмтылған рухын, Сы­ғанақтың көне тарихын, Арал­дың адам­затқа берген сабағын алып қайтса, өңір ту­ризмінің ең үл­кен жетістігі де сол болмақ.
Бағлан АМАНЖОЛ,
«Сыр бойы»
26 қыркүйек 2026 ж. 17 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930