Сыр өнері Арқа төрін тербетті
Елорда төрінде Сыр елі өнер шеберлерінің «Сұлу Сырдан сазды сәлем» атты гала-концерті өтті. Мәдени кеш Е. Рахмадиев атындағы Астана мемлекеттік академиялық филармониясымен жасалған екіжақты меморандум аясында ұйымдастырылды.

Қызылорда облысынан арнайы барған өнерпаздар астаналық көрерменге Сыр бойының бай мәдени мұрасын, дәстүрлі музыкасын, жыраулық өнерін, күй мен бидің көркем үлгілерін ұсынды. Концерттің негізгі мақсаты — Сыр өңірінің төлтума өнерін кеңінен насихаттау, ұлттық руханиятты дәріптеу және өңірлер арасындағы мәдени байланысты нығайту.
Мәдени кешті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары, зиялы қауым өкілдері, қоғам белсенділері, мәдениет және өнер саласының өкілдері тамашалады.
Концерт барысында Қорқыт мұрасы, жыраулық дәстүр, халық әндері, күйлер мен Абай шығармалары орындалды. Сыр елінің мәдениеті мен өнерін танытқан шығармашылық делегация көрерменге мазмұны бай концерттік бағдарлама ұсынды.
Сахна төрінде «Құрмет» орденінің иегерлері Шолпан Бимбетова мен Ақмарал Ноғайбаева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері Руслан Ахметов пен Сымбат Тасбергенова, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты Әділхан Қуаңбаев өнер көрсетті.
Сондай-ақ «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегерлері Бақдәулет Қарғабаев пен Марат Сүгірбай, «Күміс домбыра» иегері Бексұлтан Орынбасар, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бисенбек Төлеубай, Ақылбек Табынбаев, Айсұлу Әбді, Рано Сабанкулова және Жаннұр Аманбай көрермен ықыласына бөленді.
Кеш барысында «Томирис» би ансамблі де ұлттық хореографияның көркем үлгілерін ұсынып, концерттің мазмұнын толықтыра түсті. Ансамбльдің бас балетмейстері — «Шапағат» медалінің иегері, «Мәдениет саласының үздігі» Г. Мырзабаева, көркемдік жетекшісі — М. Тойбазарова.
Сыр бойының төлтума өнері мен қазақтың ұлттық фольклорын жоғары деңгейде дәріптеген өнер иелеріне елордалық көрермен ерекше қошемет көрсетті.
Кеш жүргізушісі — Амандық Жаппарбердиев. Концерт режиссері — «Ерен еңбегі үшін» медалінің және «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Азиза Іздіқұлова.