Өскен өңір » Жаңалықтар » Президент алдағы күндері Үндістан және Оңтүстік Кореяға барады
Президент алдағы күндері Үндістан және Оңтүстік Кореяға барады
Мемлекет басшысы алдағы күндері Үндістан және Оңтүстік Кореяға барады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
12-13 қыркүйек күндері Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Нарендра Модидің шақыруымен БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістанға жұмыс сапарымен барады. Президент Нью-Делиде «Орнықтылықты, инновацияны, ынтымақтастық пен тұрақтылықты нығайту» тақырыбына арналған «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді. Сапар аясында Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен келіссөз жүргізу, сондай-ақ бірқатар мемлекет және үкімет басшыларымен кездесу жоспарланған.