Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпшілік дауыс жинаған «Әділет» партиясына қойылатын талап аса жоғары — Президент

Көпшілік дауыс жинаған «Әділет» партиясына қойылатын талап аса жоғары — Президент

Бүгін ҚР Құрылтайының бірінші сессиясының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайда конституциялық көпшілікті құраған «Әділет» партиясына қатысты пікір айтты.
— Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін ең ұтымды шешімдер Үкіметтің жұмысында ескерілуге тиіс. Сайлауда «Әділет» партиясы басым дауыспен жеңіске жетіп, Құрылтайда конституциялық көпшілікті құрап отыр. Сондықтан «Әділет» партиясына қойылатын талап та, артылатын үміт те, сенім де аса жоғары. Осы орайда, қоғамды ортақ мүддеге ұйыстырып, реформалардың қозғаушы күші болу өте маңызды. Бұл міндет ойдағыдай орындалады деп сенемін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

28 тамыз 2026 ж. 35 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (9431)

25 тамыз 2026 ж.

№63 (9430).

22 тамыз 2026 ж.

№62 (9429)

18 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31