Топ-баннер
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АЙМАҚТА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

АЙМАҚТА ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Қызылорда облысында тұрғындардың қауіпсіздігін арттыру және өрттің алдын алу мақсатында тұрақты профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылуда. Облыс аумағында «Қауіпсіз автокөлік», «Өрттен сақ бол», «Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күні», «Газбаллон» сияқты акциялар өткізіліп, тұрғындарға төтенше жағдай кезіндегі бастапқы іс-әрекеттерді үйретуге арналған «Өзіңнен баста», «Өрт болса дереу хабарлас» бағдарламалары жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Бейбітхан Спанов мәлімдеді.


- Облыстық полиция департаменті мен волонтерлік ұйым өкілдерімен бірлесіп, адам көп шоғырланатын орындарда 50-ден астам рейдтік іс-шара ұйымдастырылып, 7000-нан астам тұрғынға өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқама берілді. Сондай-ақ, кез келген жағдайда өзіңізді және жақындарыңызды қорғауды бірінші орынға қойып, қауіпсіздік ережелерін күнделікті өмірде ұстануды ұмытпаған жөн. Автокөліктеріңіздің техникалық жағдайын жүйелі түрде тексеріп, кез келген ақауды дереу жөндеткен абзал. Үнемі сақтық шараларын қолдану - өз өміріңізді және жақындарыңыздың өмірін қорғаудың ең сенімді жолы. Әрқайсымыздың жауапкершілігіміз - қауіпсіз орта қалыптастырудың басты кепілі,-деді Бейбітхан Оразайұлы.
17 ақпан 2026 ж. 34 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№13 (9380)

17 ақпан 2026 ж.

№12 (9379)

14 ақпан 2026 ж.

№11 (9378)

10 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728