Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада жолаушылар автобусы жүк тиегіш көлікпен соқтығысты

Астанада жолаушылар автобусы жүк тиегіш көлікпен соқтығысты

Астанада жолаушылар автобусы жүк тиегіш көлікпен соқтығыстыАстанада №51 бағытындағы жолаушылар автобусы жүк тиегіш техникамен соқтығысып, жарық бағанасына соғылды, деп хабарлайды Egemen.kz. Жол-көлік оқиғасы сағат 20:00 шамасында, әуежайға баратын жолда орын алған. Куәгерлердің айтуынша, автобус қалыпты режимде қозғалып келе жатқанда, кенеттен жүк тиегіш көлікпен соқтығысқан. Салдарынан жолаушылар автобустың ішінде құлап, абыржып қалған.
Астана қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жүк таситын көлік жүргізушісі жол ережесін бұзған.
«Арнайы техниканың (жүк тиегіш көлік) жүргізушісі жолдың қиылысынан тыс жерде бұрылыс жасап, сол бағытта тікелей келе жатқан автобусқа жол бермеген. Нәтижесінде автобус жарық бағанасына соғылды. Жол апаты болған сәтте автобуста шамамен 15 жолаушы болған, зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.



17 наурыз 2025 ж. 374 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№7 (9374)

27 қаңтар 2026 ж.

№6 (9373)

24 қаңтар 2026 ж.

№5 (9372)

21 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728