"Әкімдер мектебі" жобасы аясында оқу курстары басталды

«AMANAT» партиясы мен Үкімет ауылдық округ әкімдерін оқытуға бағытталған «Әкімдер мектебі» жобасын бастады. Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбайдың қатысуымен әкімдердің біліктілігін арттыру бағдарламасы ашылды.
Іс-шараға бейнебайланыс арқылы өңірден партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов,облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Жанмұрат Сейілов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс бойынша департаментінің басшысы Ерлеген Мендалиев, «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК облыс бойынша филиалының директоры Ақзада Мадалиева қала, кент және ауыл әкімдері қатысты.
«AMANAT» партиясы бастамашылық еткен және Үкімет пен Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бірлесіп, іске асырып отырған «Әкімдер мектебі» жобасы еліміз бойынша 2400-ден астам аудандық және ауылдық округ әкімдерін қамтитын болады.
Оқу курсы ауылдардың экономикалық даму бағдарламаларын әзірлеу және оларды тәжірибеде қолдану әдістемесін үйретуге бағытталған. Сондай-ақ әкімдер өз ауылдарының өнім өндіруден бастап, оны сертификаттау мен сатуға дейінгі тікелей тізбекті құруды үйренеді.
Фото: «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы