Қазақстанда VI қысқы Спартакиада басталады

Жарыстың басты мақсаты – Олимпиада ойындарына дейін ұлттық құрамаға спортшыларды іріктеу. Оған 17 облыс пен 3 қаладан командалар қатысады.
Спартакиада аясында үш ай бойы ерлер мен әйелдер арасында шайбалы хоккей, шаңғы қоссайысы, шаңғымен тұғырдан секіру, фристайл-акробатика, фристайл-могул, сноуборд, тау шаңғысы, керлинг, шаңғы жарысы, шорт-трек, биатлон, конькимен сырғанау және мәнерлеп сырғанау бойынша жарыстар өтеді.
VI Қысқы Спартакиада жарыстарының толық кестесі:
Шайбалы хоккей (ерлер) – 8-15 ақпан (Өскемен)
Шаңғы қоссайысы – 17-23 ақпан (Алматы)
Шаңғымен секіру – 17-23 ақпан (Алматы)
Фристайл (акробатика) – 2-6 наурыз (Алматы)
Сноуборд – 10-14 наурыз (Шығыс Қазақстан облысы Риддер қ.)
Тау шаңғысы – 10-18 наурыз (Шығыс Қазақстан облысы, Риддер қ.)
Керлинг (ерлер, әйелдер, аралас жұптар, аралас команда) – 14 наурыз – 13 сәуір (Алматы облысы)
Шаңғы жарысы – 17-25 наурыз (Ақмола облысы Щучинск қ.)
Шорт-трек – 20-24 наурыз (Астана)
Биатлон – 24 наурыз – 4 сәуір (Щучинск)
Коньки тебу – 25-28 наурыз (Астана)
Фристайл (могул) – 26-30 наурыз (Шымбұлақ тау шаңғысы курорты)
Шайбалы хоккей (әйелдер) – 26 наурыз – 1 сәуір (Өскемен)
Мәнерлеп сырғанау – 7-12 сәуір (Өскемен).
Осыған дейін хоккейден Қазақстан құрамасы Азия ойындарында Тайланд құрамасын жеңгенін жазған едік.