Қазақстан халқының саны туралы деректер жаңартылды

Айта кетейік, Қазақстанның үш қаласы мен төрт облысында миллионнан астам халық тұрады. Халқы ең тығыз қоныстанғандар Алматы қаласы мен Түркістан облысы – оларда сәйкесінше 2 292 333 және 2 154 334 адам. Миллионнан астам халқы бар қалалар мен облыстардың тізіміне Шымкент (1 256 263 адам), Жамбыл (1 222 513 адам) және Қарағанды (1 133 984 адам) облыстары да кіреді. Астана (1 528 887 адам) мен Алматы облыстарында (1 560 377 адам) 1,5 миллионнан астам адам қоныстанған. Сондай-ақ, Астанада халық санының өсу қарқыны ең жоғары. Елордада бұл көрсеткіш 6,91 пайызды құраған. Алматы мен Шымкентте бұл көрсеткіштер 2,86 және 2,80 пайызды құрады. Қалаларда 12 774 743 адам, ал, ауылдық жерде 7 511 341 адам тұрады.