Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі бойынша топиктер
1. Мемлекет басшысы инвестициялық штаб құру түрлі бюрократиялық кедергілер мен құқықтық қайшылықтарды жойып, жекелеген жобаларды іске асыруды жеделдеткенін атап өтті.
Мысалы, оның арқасында өңдеу өнеркәсібі секторының өсуі 6%-ды құрады. Бұл соңғы 10 жылдағы ең үздік нәтиже (жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 180 инвестициялық жоба іске асырылды).
2. Үкіметке жекелеген жобаларға инвестициялар тарту бойынша «нақты проблемаларды» ғана емес, сонымен бірге ведомствоаралық үйлестіру шеңберінде артық бюрократияны жою және жекелеген процестерді қысқарту бойынша шаралар қабылдауды жалғастыру, сондай-ақ, тұтастай алғанда «елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту» міндеті жүктелді.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы еліміздің бірнеше өңірінде сырттан тартылатын қаражат көлемі бірден төмендегенін атап өтті (Ақтөбе, Алматы, Атырау, Павлодар, Жамбыл облыстары, ШҚО, СҚО және Алматы қаласы). Мәселен, өткен жылдың тоғыз айында тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 12,7 миллиард долларды құрады, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі салымдардан 36% - ға аз.
3. Мемлекет басшысы атап өткендей, жеке инвестициялар көлемінің азаюы бюджет қаражатымен өтеледі. Алайда, бюджет тапшылығы жағдайында бұл тәсіл тиімсіз.
Сондықтан, Үкіметке сапалы инвестициялар ұсынатын инвесторлар үшін қосымша преференциялар мен қорғау шараларын қарастыру тапсырылды.
Сонымен қатар, олар шетелдік және отандық инвесторларға да қолданылуы тиіс.
Бұл ретте, осындай преференцияға ие болған инвесторлар Үкімет алдындағы бірқатар міндеттемелерді орындауы тиіс. Яғни, жұмыс орындарын сақтау, өндірісті жаңғырту, экологиялық талаптарды сақтау және т.б.
4. Мемлекет басшысы Үкіметке ағымдағы жылдың маусым айының соңына дейін әрбір перспективалы орта кәсіпорынмен жұмыс жоспарын әзірлеп, аяқтауды тапсырды.
Бұл мәселеде дамудың перспективалық бағыттарын анықтау маңызды. Мысал ретінде әлемде сұраныс үнемі өсіп келе жатқан сирек кездесетін және жерасты сирек кездесетін металдарды, соның ішінде литийді өндіру және өңдеу белгіленді.
Сондықтан, инвестицияларды тарту жоспары өнеркәсіптің жекелеген бағыттарын дамыту басымдықтарына сәйкес реттелуі тиіс.
5. Үкіметке ӨБК-келісім-шарттарын (өнімді бөлу туралы келісім) жаңартылған, ел үшін тиімді шарттармен ұзартуға қатысты келіссөздерді жандандыру тапсырылды.
Қазақстан осы келісім-шарттардың барлық талаптарын сақтай отырып, өзін энергия тасымалдаушылардың сенімді жеткізушісі ретінде көрсетті.
Бұл жерде келісімдердің көпшілігі тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, шетелдік инвестицияларды жедел тартуды талап ететін жағдайларда жасалғанын атап өткен жөн.
Бүгінде еліміз үшін әділетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін оларды қайта қараудың уақыты келді. Мемлекет Басшысы осыны тапсыра отырып, ол үшін ұлттық мүдде басымдық боп қала беретінін баса айтты.
6. Мемлекет басшысының айтуынша, «орта держава» мәртебесі тек саяси салада ғана емес, «экономика, инвестиция, ғылым және технология саласындағы практикалық жетістіктерді» де дамытуды көздейді.
Бұл үшін маңызды факторлардың бірі – жақын көршілермен (аймақтың бәсекелестік артықшылықтарын күшейту), сондай-ақ әртүрлі салалардағы (Қытай, Ресей, АҚШ, ЕО елдері, Таяу Шығыс, Азия және т.б.) әлемдік көшбасшылармен ынтымақтастық орнату.
Бұл ретте, ынтымақтастық салалары шектелмеуге тиіс. Үкіметке өнеркәсіпте, көлікте және логистикада, IT-секторда, АӨК және басқа да салаларда өзара тиімді байланыстарды дамыту бойынша нақты шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.
7. Мемлекет басшысы елдегі туризмді дамыту экономиканы әртараптандырудың маңызды бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бұл салада әрбір өңірдің даму респективасы бар.
Біз тек ішкі туризмді дамытумен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Шетелдік туристерге бағыттай отырып, туристік инфрақұрылымды дамытуға да инвестициялар тарту қажет.
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысындағы Бозжыра шатқалын мысалға келтіріп, ол өзінің тартымдылығы жағынан көптеген әлемдік табиғи және мәдени нысандардан кем түспейтінін айтты.
8. Үкіметке нарықтық жағдайларға толық сәйкес келетін тарифтік саясаттың жаңа стандарттарын әзірлеу бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.
Мұнда мәселе электр энергиясын, жылу мен суды үнемдеу ғана емес, оларды тұтыну мәдениеті мен үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету.
Әрбір азамат, өзіне қажет мөлшерден көп су жұмсамау керектігін түсінуі керек.
Сондықтан, су ресурстарының жаһандық тапшылығын ескере отырып, тұтынудың әртүрлі әлеуметтік нормаларын қолдану маңызды.
Тұтыну мәдениетіне қосымша, Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеу қолданыстағы технологияларға да тікелей байланысты екенін атап өтті.
Суды үнемдеудің озық технологияларын қолданатын Қытайды мысалға келтірді.
Үкіметке Қазақстанда да осындай технологияларды енгізу мәселесін пысықтау тапсырылды.
9. Қазақстан әлеуметтік бағдарланған мемлекет. Алайда, бұл біздің қоғамда масылдық көңіл-күйді қолдауға себеп болмауы тиіс. Мемлекеттің көмегін шынымен мұқтаж адамдар ғана алуы керек.
бар екенін айтты. Біздің азаматтарымыз мемлекет қашан бізге жұмыс тауып береді деп жүргенде, көрші елдердің мыңдаған еңбек мигранттары Қазақстанға жұмыс іздеп келіп, осында еңбек етіп жатыр. Мемлекет басшысы ел жастарын олардан үлгі алуға шақырды. Мұндай ұстаным мен дүниетанымды өзгертуіміз керек.
10. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін қала құрылысын жоспарлаудан бастап объектілерді пайдалануға беруге дейінгі барлық процестерді толық цифрландыруды қамтамасыз ететін құрылыс саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін әзірлеуді тапсырды.
Мұнда негізгі басымдық тапсырылған тұрғын үйдің шаршы метрінің саны емес, олардың сапасы мен қолжетімділігінде болады.
11. Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту Үкіметтің басым міндеттерінің бірі.
Еліміздің географиялық орналасуына байланысты Қазақстанның транзиттік әлеуеті өте жоғары.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Үкіметке үнемі еске салып отырады.
Сондықтан, Трансқазақстандық теміржол дәлізін дамытуды жеделдету, «Мойынты – Қызылжар» жаңа теміржол желісін салуға кірісу және Қызылжар станциясынан Ақтау портына дейінгі магистральдің жекелеген учаскелерін жаңғырту, сондай-ақ, «Алтынкөл-Жетіген» учаскесін кеңейту тапсырылды.
Мемлекет басшысы «биыл және келесі жыл осы бағыттағы жұмыстар үшін серпінді болуы тиіс» деп атап өтті.
12. Мемлекет басшысы логистика саласында заманауи технологияларды енгізу арқылы операциялық қызметтің тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөледі.
Үкіметке қоймаларды автоматтандыру, маршруттарды цифрландыру, көлік ағындарын басқаруда жасанды интеллект мүмкіндіктерін белсенді пайдалану жөнінде шаралар қабылдау тапсырылды.
13. Ел аумағында халықаралық әуе хабын құру көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытудың перспективалық бағыты болуы тиіс.
Үкіметке жүк және жолаушылар терминалдарын, логистикалық орталықтар мен заманауи сервистерді қамтитын тұтас экожүйені құру, жүктерді тасымалдау бойынша барлық рәсімдерді жеңілдету және авиаотынның бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету тапсырылды.
Қауіпсіздік Кеңесінің жеке отырысы осы мәселеге арналады.
14. Қазақстан электрондық үкіметті енгізу және электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша алдыңғы қатарлы елдердің бірі болып табылады.
Алайда, біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Мемлекет басшысы жасанды интеллекттің заманауи құралдарын, сондай-ақ дербес деректерді қорғау жүйелерін қолдана отырып, бұл бағытты одан әрі дамыту керек екенін атап өтті.
15. Жаңа технологияларды дамытумен және мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың қызметіне жасанды интеллект құралдарын кеңінен енгізумен қатар киберқылмыстарға қарсы күрес шараларын күшейту қажет. Оның ішінде елдегі қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыруға бағытталған алаяқтық, жалған ақпарат тарату, арандатушылық және жала жабуға қатысты киберқылмыстармен күресу керек.
Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке мұндай ақпаратты таратқаны үшін заңнамалық жауапкершілік шараларын қабылдауды, сондай-ақ азаматтардың жеке деректерінің барынша қорғалуын қамтамасыз етуді тапсырды.
16. Елді электр энергиясымен толық қамтамасыз ету жөніндегі міндетке (сондай-ақ 15-20% энергия қоры) қарамастан, көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндеті басымдыққа ие міндет болып қала береді.
Осыған байланысты Мемлекет басшысы ескірген жылу электр станцияларын Қытай мен Оңтүстік Кореяда табысты жұмыс істеп тұрған шығарындылары аз көмірмен жұмыс істейтін инновациялық станциялармен алмастыруды тапсырды.
17. Ядролық энергетиканы дамытудың маңыздылығын, сондай-ақ бүгінгі таңда энергия тапшылығы артып жатқанын атап өте отырып, Мемлекет басшысы Үкіметке атом саласын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарын әзірлеуді және екінші атом станциясын салу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырды.
Бұл ретте қолайлы жерлерге жан-жақты талдау жүргізіп, екінші атом электр станциясы үшін заманауи және ең бастысы қауіпсіз технологияларды таңдау қажет.
18. Мемлекет басшысы газ саласының дамуын еліміздің орнықты әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуінің негізгі факторларының бірі деп атады.
Бұл әсіресе, энергия тапшылығы айтарлықтай жоғары болып табылатын оңтүстік аймақтарға қатысты.
Сондықтан Үкіметке 2026 жылдың өзінде «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының екінші тармағы құрылысының бірінші кезеңін аяқтау тапсырылды.
Сонымен қатар, Президент Жаңаөзенде және Қашағанда газ өңдеу зауыттарын салу, сондай-ақ Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысы базасындағы электр станциясын салу жұмыстарының қанағаттанарлықсыз екенін атап өтті.
Барлық жобаларды белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.
19. Президент өз сөзінде экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде агроөнеркәсіптік кешенді дамыту міндеттеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан рекордтық өнім көлемін жинай алды. Ал тұтастай алғанда, бұл сала экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда 13,7% тұрақты өсім көрсетті. Бұл нәтижеге қол жеткізуге фермерлер үшін несиелендіру көлемін ұлғайту көмектесті.
Бұл ретте Президент Үкіметтің алдына едәуір ауқымды міндеттер қойып, биылғы егін науқанына кем дегенде 700 миллиард теңге бөлуді тапсырды.
20. Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жіті назар аударуды қажет ететін бірқатар жүйелі мәселелерге назар аударды.
Бірінші. Шаруаларды қолдау тетіктерін қайта қарау. Президент несие беру рәсімдерін жеңілдетудің маңыздылығын атап өтті. Президент бұл тәсілдердің қажеттілігінің мысалы ретінде егіннің рекордтық көлеміне қарамастан бағаның төмендегенін атап өтті.
Екінші. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортына қолдау көрсете отырып, рентабельді дақылдарды өсіру бағытын жалғастыру. Осы орайда, Президент ет өнімдерін экспорттау әлеуетін дамытудың маңызды элементтерінің бірі ретінде малды вакцинациялаудың және олардың арасындағы індетке қарсы тұрудың маңыздылығын атап өтті.
21. Қажетті инфрақұрылымды, оның үстіне ауылдағы тұрмыс жағдайын дамытпай тұрып, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мүмкін емес.
Ауылдарда тұрмыс деңгейін арттыру бойынша негізгі міндеттердің қатарында инфрақұрылымды дамыту және шағын және орта бизнес пен бизнес бастамаларды қолдау болып табылады.
Бұл жағдайда, Президент осы саладағы барлық бастамаларды бірыңғай үйлестіру маңызды екендігін де атап өтті.
Сонымен бірге, Мемлекет басшысы Үкіметтен ауыл проблемаларын шешуге бағытталған жаңа, креативті шешімдерді күтетінін айтты.
22. Президент ауылдағы тұрмыс деңгейін кешенді дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, ауыл тұрғындары үшін сапалы қызмет көрсетудің маңыздылығы мен қажеттілігін, қаржылық қызметтерді алуға қол жетімділікті қамтамасыз етуді атап өтті.
Осыған байланысты Президент «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінің тіпті ең шалғай ауылдық жерлерде де үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы нақты және маңызды тапсырма берді.
23. Салық-бюджет саясатын реформалау бүгінгі күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болса керек.
Бюджет тапшылығын ескере отырып, басты міндет ел экономикасын трансформациялау бойынша жүйелі шаралар қабылдау болып табылады және бұл жағдайда Ұлттық бюджеттік саясатқа ерекше мән берілуі керек.
Президент екі жыл бұрын қабылданған жаңа бюджеттік ережелер іс жүзінде жұмыс істемейтіні туралы ескерту жасады. Дегенмен, шын мәнінде, оларды дұрыс жүзеге асыру қаржы-экономикалық блоктың қызметіндегі өзекті мәселелердің бірін жоюы керек еді. Атап айтқанда, Ұлттық қордың қаражатына қол сұқпай, елдің қазынасын тұрақты түрде толықтыруға мүмкіндік беруі керек еді.
Президент Үкіметке Ұлттық қордан трансферттерді алу тәжірибесін тоқтататын уақыт келгенін, бұл мәселенің шешімін іздеу керек екенін атап өтті.
24. Осы саладағы тағы бір өзекті мәселе бюджетті барлық деңгейлерде, тіпті ауылдық округтерге дейін әділ бөлу.
Президент атап өткендей: «Республикалық бюджеттен, ең алдымен, белгілі бір аймақтың жалпы елдік деңгейден артта қалуын азайтуға бағытталған жобалар қаржыландырылуы керек».
Бұл ретте, Президент өмір сүру деңгейін тұрақты түрде қолдау және жекелеген аймақтардың дамуында ауытқуларға жол бермеу қажеттілігі туралы айтып отыр.
Жалпы, бұл шараның әлеуеті айтарлықтай үлкен. Яғни, қазір Үкімет аймақтардың елдің жалпы даму қарқынынан артта қалуына жол бермеуге жағдай жасайтын «Өсудің жаңа нүктелерін» анықтауы керек.
25. Қалыптасқан әлемдік экономикалық жағдайды ескере отырып, Президент инфляцияны тежеудің ескі әдістері қажетті нәтиже бермейтінін атап өтті.
Бұл жағдайда Үкіметтің алдында қиын міндет тұр – жаңа, ерекше және креативті шешімдерді көру. Президент инфляцияға қарсы тұрудың инновациялық және тиімді жолдарын күтіп отырғанын атап өтті.
26. Президент цифрлық активтер мен криптобиржалардың дамуына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, мұндай активтерді қазіргі уақытта қазақстандық криптоинвесторлардың тек 5% ғана пайдаланып отырған, криптобиржалары Астана халықаралық қаржы орталығы базасында ғана заңды түрде айналысқа түсе алады.
Мұнда Президент Үкіметке нақты міндет қойды – елде аз емес криптоинвесторлар бар екенін ескере отырып, олардың «көлеңкеден шығуына» ықпал ететін цифрлық активтердің кеңірек заңды айналымының инфрақұрылымын құру.
27. Президент екінші деңгейдегі банктердің акционерлеріне оларды қолдау және құтқару үшін берілген қарыздарын қайтаратын уақыт келгенін еске салды. Мемлекеттік қаражат есебінен банктер өз шығындарын өтегеніне қарамастан, олар мемлекетке тиесілі қаражатты өздерін байытуы үшін пайдалануды жалғастыруда.
28. Президент экономиканың қазіргі драйверлерінің бірі ретінде нақты секторды несиелендірудің маңыздылығын атап өтті. Бұл ретте ол осы саланың тиімді дамуына кедергі келтіретін факторлардың бірі – бизнесте кепілмен қамтамасыз етудің жетіспеушілігін атап өтті.
Бұл жағдайда Мемлекет басшысы жүйелі және институционалдық шаралар қабылдау қажеттігін – қарыздарға кепілдік беру құралдарын кеңейту, сондай-ақ кепілдік қорын құру мәселесін атап өтті.
Банктердің, корпорациялардың, орталық және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының жыл сайынғы жарналары есебінен қаржыландырылатын мұндай қорлар бірқатар елдерде жақсы қалыптасқан.
29. Қаржыландыруды іздеу елдің ағымдағы дамуының қысқа мерзімді перспективасындағы басты мәселе екені анық. Өз кезегінде Президент Үкіметке БЖЗҚ-дан нарықтық шарттарда қаражат тарту арқылы жоғары экономикалық қайтарым арқылы инновациялық жобаларды іске асыру тетіктерінің бірін белгіледі.
30. МӘМС реформасы жалғасатын болады. Президент МӘМС жаңғырту Заңының жобасын әзірлеудің нақты мерзімдерін – Парламенттің ағымдағы сессиясының соңына дейін, яғни жазға дейін белгіледі. МӘМС ұзақ уақыт бойы талқылау тақырыбы болып келеді және бұл жағдайда стаус-квоны сақтау жауапкершіліктен бастарту болып табылар еді.
31. Мемлекет басшысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асырудың төмен қарқынын атап өтті. Мәселен, екі жыл ішінде 460 бастапқы буын нысаны салынғанына, тағы 195-ін биыл аяқтау жоспарлануына қарамастан, көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту әлдеқайда нашар жүріп жатыр.
Атап айтқанда, ағымдағы жылға жоспарланған 32 аурухананың жартысы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және сараптау сатысында әлі тұр. Сондай-ақ оларды медициналық жабдықтармен жарақтандыру мәселесі шешілмеген.
Сондықтан Үкімет пен әкімдерге осы жылдың соңына дейін барлық бастапқы буын объектілерін іске қосуды қамтамасыз ету, сондай-ақ 2026 жылдың соңына дейін орталық аудандық ауруханаларды жаңғыртуды аяқтау тапсырылды.
32. Мемлекет басшысымен нақты оқу орындарына мемлекеттік тапсырысты бекітуді алып тастаған, мектепке дейінгі мекемелерді ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы оң бағаланды.
Осы жобаның арқасында ата-аналар балабақшаларды өз бетінше таңдауға мүмкіндік алды.
Сондай-ақ оларға осы тәжірибені орта білім беру саласына тарату ұсынылды.
33. Осы жылы «Жайлы мектеп» жобасы аяқталды. Қол жетімділік пен сапалы білім берудің маңыздылығын ескере отырып, Президент үш жыл ішінде бүкіл ел бойынша тағы 1300 мектепті жаңғыртуды тапсырды.
34. «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында жұмысшы кәсіптердің беделін арттыруға бағытталған бірқатар шаралар қабылданатын болады. Атап айтқанда, кәсіптік және техникалық білім беру жүйесін толық қайта қарау жоспарлануда. Бизнесті осы жұмысқа кеңінен тарту үшін барлық ТжКБ ұйымдары үшін мемлекеттік тапсырыс мөлшері ұлғайтылады және теңестіріледі.
Өз кезегінде әкімдер кәсіпкерлермен бірлесіп өңірлер үшін басым мамандықтарды айқындап, колледждерді сұранысқа ие кадрларды даярлауға бағдарлау мүмкіндігіне иеленеді.
35. Рейтинг бойынша ең көп алған ЖОО мемлекеттік білім беру тапсырысының басым бөлігін алатын тәжірибені енгізу тапсырылды. Яғни, талапкерлердің басым бөлігі үздік жоғары оқу орындарына түсе алады.
36. Мемлекет басшысы мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін арттыру міндетін қойды.
Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар желісі бойынша «Әкімдер мектебі» ауқымды білім беру жобасын іске қосу тапсырылды (сайланған әкімдер, әсіресе бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемегендер үшін).
Сондай-ақ, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шаралары ретінде мемлекеттік аппараттың азаматтардың өтініштерімен жұмыс жасауына назар аударылды. Бұл ретте, тек тыңдап қана қоймай, көтерілген мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жүргізу маңызды.
37. Қоғаммен тиімді қарым-қатынастың маңыздылығы бөлек атап өтілді. Егер сауатты коммуникация жүргізілсе және түсініктемелер беріліп отырған болса, көптеген мәселелер жедел шешіледі.
Президент Үкіметке мемлекет пен қоғамның өзара коммуникациясын жаңа тәсілдерді әзірлеуді тапсырды. Соның ішінде Президент мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына халықпен жиі кездесулер өткізуді тапсырды.
38. «Заң және тәртіп» қағидатын сақтау бүкіл әлемде айтылып келеді. Бұл қағида қоғамдық санаға терең енуі керек.
Бұған қол жеткізу үшін құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын ілгерілету және іс жүзінде іске асыру маңызды.
Бірақ бұл қағиданы іске асыру мемлекет тарапынан да, қоғам белсенділері тарапынан да, әсіресе айыппұлдар бөлігінде де ақылға қонымды болуға тиіс.