«Таза Қазақстан»: Арал теңізінің түбіне ағаш отырғызылады

Бүгінгі күнге нәтижелер:
- 522 тонна тұқым жинақталды.
- 2024 жылғы 16-30 желтоқсан аралығында 12 000 гектарға егін егу жұмыстары жүргізілді.
- 2025 жылғы қаңтар мен ақпан айларында 108 000 гектарға егін егу жоспарланып отыр.
- 2025 жылғы наурызда 16 492 гектарға сексеуіл тұқымдас ағаштар отырғызу жоспарланған.
Бұл жоба Арал экологиялық апатынан кейінгі салдармен күресу жөніндегі мемлекеттік стратегияның бір бөлігі. Қазақстан экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында ішкі және халықаралық деңгейде белсенді жұмыс істеп жатыр. Акция ұйымдастырушылары азаматтарды осы бастаманы қолдап, Арал өңірін қалпына келтіруге өз үлестерін қосуға шақырады.