Қазақстанда метапневмовирусқа байланысты карантин енгізіле ме?
"Біз эпидемиологиялық маусымның ортасындамыз. Өткен жылмен салыстырғанда аурушаңдық 20 пайызға төмен. Алайда қаңтар айында әдетте аурудың өсуі байқалып, ақпан айының ортасына қарай төмендейді. Қазір карантиндік немесе шектеу шараларын енгізуге еш негіз жоқ. Біз аурушаңдық пен вирустың таралуын күн сайын дерлік қадағалап отырмыз", – деді ол Facebook парақшасында жариялаған видеода.
Есмағамбетованың айтуынша, денсаулығы мықты және иммунитеті жақсы адамдарда вирус симптомсыз өтуі мүмкін.
"Вирустық инфекциялармен, тұмаумен немесе тұмауға ұқсас инфекциялармен ауырған кезде олардың асқынулары қауіптірек. Метапневмовирус пневмония, отит және тыныс алу органдарына қатысты және басқа да кез келген асқынулар тудыруы мүмкін", – деп атап өтті Есмағамбетова.
Сонымен қатар, Есмағамбетова қазақстандықтарға адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болуды, маска тағуды және бөлмелерді жиі желдетуді ұсынды.
Еске сала кетейік, жексенбі күні Қытайда метапневмовирус (hMPV) деп аталатын жаңа вирустық аурудың өршуі тіркелген еді. Вирус тез таралуып, салдарынан ауруханалар науқастарға лық толған.
Фото: adyrna.kz