Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылады

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар іске қосылады

Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Өнеркәсіп, Энергетика, Көлік, Ауыл шаруашылығы, Су ресурстары министрліктеріне кәсіпорындармен, әкімдіктермен және «Отбасы банкімен» бірлесе отырып, жұмысшыларға ипотекалық және жалға берілетін тұрғын үй бойынша жеңілдікті бағдарламаларды іске қосуды тапсырамын», деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов Қазақстанға мыңдаған білікті жұмысшы қажет екенін айтты.

«Жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақ дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін әкімдіктер мамандықтардың өңірлік атластарын қалыптастыруы қажет. Әзірге осындай құжаттар тек 9 өңірде ғана бар. Жастардың жұмыс кәсіптерін саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беру жұмысында жаңа тәсілдерді іске асыру қажет», деді Премьер-министр.
08 қаңтар 2025 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№50 (9317)

09 шілде 2025 ж.

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031