Ауыл дәмі Тасбөгеттің төрінде
Сенбі күні ауыл дәмі қалалықтардың дастарқанына жетті, яғни Шиелінің ақ күрішінен бастап, ет, құрт, майын жинап, аудандық ауылшаруашылық бөлімінің басшысы М.Әшірбеков бастаған топ Қызылорда қаласына жол тартты. Жәрмеңкені асыға күткен жұрт жаңа жылға қамданып, қалтаға қонымды өнімдерді молынан алып қалуға тырысты.
Қазір аудандар мен облыс орталығында жәрмеңке өткізу дағдыға айналды. Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жыл он екі ай жалғасады десек те болады, яғни қысы-жазы үзілмейді. Халық негізінен азық-түлікті жәрмеңкеден алып үйренді деуге болады. Әсіресе, қысқа қамданып, азық-түлік қорын жасауға жәрмеңке ыңғайлы әрі тиімді.
Қазір аудандар мен облыс орталығында жәрмеңке өткізу дағдыға айналды. Облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі жыл он екі ай жалғасады десек те болады, яғни қысы-жазы үзілмейді. Халық негізінен азық-түлікті жәрмеңкеден алып үйренді деуге болады. Әсіресе, қысқа қамданып, азық-түлік қорын жасауға жәрмеңке ыңғайлы әрі тиімді.
Бұл жолы шиеліліктер 5-ші мәрте 38 көлікпен 90 тоннадан астам өнімді халыққа тиімді бағада ұсынды. Жәрмеңкеге «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өз өнімін өндіріп отырған шағын цех иелері де ерекше атсалысты. Яғни, «Жаннұр» цехы құрт-сүт өнімдері, «Барлыбай и К» цехы томат пастасы мен қауын-қарбыз шырынан жасалған бал өнімдерін сауда сөресіне алып шықты.
– Ауыл шаруашылығы ел өмірінде ерекше орын алатын салалардың бірі. Ол экономиканың ғана емес, қоғамдық-саяси тұрақтылықтың айнасы. Мемлекет басшысының көреген саясатының арқасында агроөнеркәсіп кешеніне ерекше көңіл бөлініп, үлкен қолдау көрсетіліп келеді. Соның нәтижесінде ауыл халқының тұрмысы, әлеуметтік жағдайы, көліктік және инженерлік инфрақұрылымы жақсара түсуде. Бұл біздің баршамызға ортақ қуаныш. Халқымызда «Ауылым — алтын бесігім» деген жақсы сөз бар. Шындығында да, ауыл — қазақтың қарашаңырағы, дәстүлі шаруашылығының асыл қазығы, атамекені. Ендеше, ауылды дамыту, ауыл шаруашылығын өркендету — бүкіл елімізді дамыту деген сөз. Біз өз өнімімізді ұсына отырып, нарық бағасының құбылуын алдын алуға тырысамыз, – дейді ауыл шаруашылық бөлімінің басшысы М.Әшірбеков.
Жергілікті жұртшылықтың ойынан шығып, мерейін тасытқан шара өнім молшылығымен де ерекшеленді. Шиеліден барған еңбеккерлер өздерінің табан ет маңдай терімен дайындаған тауарларын тұтынушы көңілінен шығатындай етіп өткізуге барын салды. Сырттан бақылаушы тараптың да көңілдері тоятындай көрініс еді бұл. Біреулер мықшыңдай сөмке көтерсе, екіншілері бала-шағасының ырзығын қапқа салып арқалап алған, ал үшінші біреулері жылқының, сиырдың немесе қойдың жіліктелмеген тұтас етін көліктеріне қарай қауымдаса, қауқылдаса көтеріп бара жатты.
Г.Әбдіхани