Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында полицейлер аузы тар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны құтқарды

Алматы облысында полицейлер аузы тар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны құтқарды

Алматы облысында полицейлер аузы тар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны құтқардыАлматы облысында полицейлер ашық кәріз құдығына түсіп, қысылып қалған жылқыны құтқарды, деп хабарлайды Egemen.kz. 5 қазанға қараған түні, облыс орталығының жеке тұрғын үй секторларының бірін патрульдеу кезінде "Бүркіт-253" ППВ полицейлері ашық тұрған кәріз құдығына құлап қалған жылқыны байқап қалды. Жағдайдың күрделілігін бағалай отырып, полицейлер жақын маңдағы патрульдік жасақты көмекке шақырды.
- Құтқару операциясы оңай болған жоқ: жануардың салмағы мен көлемі жұмысты айтарлықтай қиындатты. Алайда, Ернар Омаров пен Айбек Тұрсыновтың құрамындағы "Бүркіт-253" ППВ, сондай-ақ Дархан Есімханов пен Серік Ордабаевтың құрамындағы "Бүркіт-261" патрульдік полиция взвод іс-қимылдарының арқасында жылқы аман-есен құдықтан шығарылды. Барлық жұмыстар жануарға зиян келтірмеу үшін аса мұқият орындалды. Бұл оқиға полицейлердің әрқашан күрделі жағдайларға дайын екенін және қиындықтардан қорықпайтынын дәлелдеді, - деп жазды Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов Instagram-дағы парақшасында.
05 қазан 2024 ж. 189 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930