Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

БАСҚАРМА БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

Партия алаңында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Әбілдаев Қуаныш Әділбайұлы жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.
Қабылдауда азаматтар облыс көлемінде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуы, жастарды жұмыспен, тұрғын үймен қамту, қоғамдық-мәдени шараларды ұйымдастыру және өзге де тақырыптар бойынша өтініштері мен ұсыныс-тілектерін ортаға салды.
Қ.Әбілдаев облыстық деңгейде жүргізіліп жатқан мемлекеттік жастар саясаты бойынша түсіндірме берді. Жастарды жұмыспен қамтуға бағытталған «Жасыл ел» бағдарламасы жайлы айтып, тұрғын үймен қамтамыз ету мақсатында жастарға арналған «Сыр жастары» бағдарламасы бойынша түсіндірме берді.
Өтініш берушінің жасы 18-ден 35 жасқа дейін болу керектігі және тұрғылықты мекен-жайы облыс көлемінде болса, алу мүмкіндігі бар екендігі айтылды. Азаматтық қорғаныс қызметкерлерінің өтінішіне сәйкес келесі лекте ипотекалық бағдарламаға құжат тапсыру мүмкіндігі бар екені түсіндірілді.
Сонымен қатар, креативті жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар таныстырылды. Жайдарман және өзге де бағыттар бойынша атқарылған шаралар мен алдағы уақытқа жоспарлар туралы айтылды.
Қабылдау барысында аталған ұсыныстарды жүзеге асыру мүмкіндіктері қаралып, өтініш иелеріне қосымша хабар берілетіні айтылды.
27 қыркүйек 2024 ж. 119 0