Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбеде Air Astana ұшағы апаттық жағдайға тап болды

Ақтөбеде Air Astana ұшағы апаттық жағдайға тап болды

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметі апаттық жағдайға тап болған КС 866 рейсіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ. Әуекомпанияның жасаған түсініктемесіне сәйкес 16 тамызда Airbus A321 ұшағын сүйрету кезінде шассидің тұмсықтық тірегіндегі бекітпе зақымданған. "Ақтөбе-Алматы" бағыты бойынша КС 866 рейсі алдымен 17 тамызға дейін кешіктіріліп, кейін баламасыз тоқтатылды.  
Жолаушыларға билет құнын айыппұлсыз қайтару ұсынылды. Жөндеу жұмыстарын орындау үшін ұшақты жолаушыларсыз Астанаға жеткізу туралы шешім қабылданды, алайда елордалық әуежайдың түнгі уақытта жабылуына байланысты әуекомпания айдау рейсін 19 тамызға қалдыруға мәжбүр, - делінген хабарламада.
Ақтөбеде ұшақтың зақымдануы басқа ондаған рейстердің кешігуіне әкелгенін атап өту қажет.
Бұған дейін 13 тамызда дәл осы компанияның КС 267 "Алматы-Бейжің" рейсін дайындау кезінде ұшақтың есігін тамақ таситын машина зақымданған болатын.
19 тамыз 2024 ж. 194 0

Қоғам

Арнауға арқау азамат
14 шілде 2026 ж. 69

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (9419)

14 шілде 2026 ж.

№51 (9418)

09 шілде 2026 ж.

№50 (9417).

04 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031