Туу көрсеткіші бойынша Маңғыстау облысы көш бастады
Ұлттық статистика бюросы 2024 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық жағдай туралы мәліметті жариялады, деп жазады Egemen.kz. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша халық саны 20 159 707 адамды құраған. 6 айда халықтың жалпы өсімі 125,8 мың адамға жеткен. Дүниеге келген бала саны 184,7 мың сәби болса, қайтыс болғандар саны – 66,1 мың адам. Туудың ең жоғары деңгейі Маңғыстау облысында тіркелді (1000 тұрғынға 24,80 адам). Екінші орында Түркістан облысы (24,78). Ал Шымкент қаласы (23,55) үздік үштікті түйіндеді. Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан (1000 тұрғынға шаққанда 11,77), Шығыс Қазақстан (11,36) және Қостанай облыстарында (10,16) екені белгілі болды. Бұл аймақтағы халықтың жас ерекшелігімен байланысты жағдай.