Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «44 жыл күттірген алтын»: Үшкемпіровтың арманы орындалған күн

«44 жыл күттірген алтын»: Үшкемпіровтың арманы орындалған күн

«44 жыл күттірген алтын»: Үшкемпіровтың арманы орындалған күнФранцияның астанасы Парижде XXXIII жазғы Олимпия ойындары басталғанына мінекей, төрт күн де өте шықты. Халқымыз тақымын қысып, спортшыларымыздың амандығын тілеп, олармен бірге татамиде жүлдеге таласып отырғандай. Бірі жеңілсе, енді бірі туымызды желбіретіп олжалы болып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Араға 44 жыл салып қайталанған тарих еліміз үшін ұмытылмас күн болмақ. Артында қолдап отырған отандастарының алауын өшірмей, қайта жаққан Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанды. Айта кетсек, Елдос Сметовтың Олимпиадаға баруының өзі бөлек бір әңгіме. Ұлттық құрама бапкерлері Сметовке бәсекелес болатын Нұрқанат Серікбаев пен Мағжан Шамшадин секілді спортшыларымыздың сақадай сай тұрғанын атап өткен. Алайда олимпиадалық рейтингте Нұрқанат Серікбаев пен Мағжан Шамшадин соңғы уақытқа дейін Елдос Сметовтан жоғары тұрған екен. Осындай бас қатырудың нәтижесінде үш бірдей спортшымыз өзара жарысқа түскен. Нәтижесінде Сметов Нұрқанатты да, Мағжанды да еңсеріп, Олимпиадаға жол тартты. Осыдан 44 жыл бұрын, 1980 жылдың 22 шілдесінде шешуші айқаста болгар Павел Христовтан басым түскен Жақсылық Үшкемпіров Олимпиада чемпионы атанған еді. Айта кетерлігі, Жақсылық Үшкемпіров  арнайы дайындық жоспарын жазған деседі. Жоспарға  ұйықтау режімін, тамақтану тәртібін, тіпті жаттуғылардың реттілігін жазып отырған. Бүгінде Париждің төрінде туымызды көкке көтеріп, Олимпиада чемпионы атанған Елдос Сметовты халқымыз Жақсылықтың бүгінгі бейнесі деп атап жатыр. Тіпті, әлеуметтік желі қолданушылары қос спортшымыздың алтын медаль тағынған сәтінің қандай көз қуантарлық көрініс екенін айтудан жалығар емес. 

30 шілде 2024 ж. 86 0