Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СІМ-де Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні аталып өтті

СІМ-де Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні аталып өтті

Сыртқы істер министрлігінде жыл сайын 2 шілдеде аталып өтетін Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні қарсаңында салтанатты жиын өтті, деп хабарлады turkystan.kz.

СІМ-де Қазақстан Республикасының Дипломатиялық қызметі күні аталып өтті

Іс-шараға дипломатиялық қызмет ардагерлері, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының өкілдері және ҚР СІМ Орталық аппаратының қызметкерлері қатысты.
Дипломатиялық қызметі күніне орай бірқатар ардагерлер мен дипломаттар мемлекеттік наградалармен марапатталды, сондай-ақ ведомство қызметкерлеріне кезекті дипломатиялық дәрежелер берілді.
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сыртқы саяси ведомствосының ұжымын кәсіби мерекемен құттықтап, дипломаттар өздерінің терең білімдері, өмірлік және кәсіби тәжірибелерінің арқасында мемлекетіміздің өркендеуі жолында қажырлы еңбек ететінін атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан өңірлік және жаһандық үдерістердің бел ортасында жүр. Еліміз үлкен халықаралық беделі мен өңірлік ықпалы бар мемлекет ретінде өз дамуының жаңа белестерін еңсеруде. Бұл қазақ дипломаттарының да күнделікті қажырлы еңбегінің нәтижесі, – деп мәлімдеді СІМ басшысы.

Өз сөзінде ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айқындайтын сыртқы саясатты ілгерілету жолында министрлік ұжымының риясыз еңбегін де атап өтті.
30 маусым 2024 ж. 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031