Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Туған жерге саяхат» пойызы Астанадан жолға шықты

«Туған жерге саяхат» пойызы Астанадан жолға шықты

Бүгін елордадағы «Нұрлы жол» вокзалынан бір топ бала «Туған елге ­саяхат» танымдық пойы­зымен жолға шықты. Жеткіншектер 12 күн бойы Қазақстан өңірлерін аралап, еліміздің тарихи-мәдени мұраларымен танысады. Сапар кезінде жас саяхатшылар Астана, Бурабай, Алматы, Тараз, Түркістан, Байқоңыр қалаларын аралайды.

«Туған жерге саяхат» пойызы Астанадан жолға шықты

Жобаның көздеген мақсаты – балалардың жан-жақты дамуы­на, Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларымен танысуы­на мүмкіндік туғызу. Саяхат барысында балалар бірқатар қалаларды аралап қана қоймай, тәлімгерлер оларды табиғат пен қоршаған ортаны аялауға бағытталған экологиялық әдет­терге баулитын болады.

о

Биыл жобаға 10 мен 15 жас аралығында 400 бала қатысады.
«Самұрық-Қазына» АҚ қар­жы­ландыратын танымдық-турис­тік пойыз алтыншы мәрте жолға шығып отыр. Әлеуметтік жоба бұған дейін 5 жылдың ішінде 3 мыңға жуық баланы қамтып үлгерді.
«Қымбатты балалар, сіз­дерді алда қызықты саяхат сапары күтіп тұр. Еліміздің көрікті жерлерін аралап, мәдени-тарихи мұралармен танысасыңдар. «Самұрық-Қазына» әрқашан балаларға қолдау көрсетуге да­йын. Сіздер сапалы білім алып, жан-жақты даму үшін біз барлық жағдайды жасаймыз», деді Қор басшысы Нұрлан Жақыпов.

ш

Жобаға табиғи апаттан зар­дап шеккен өңірлердегі және Қор компаниялар тобы­ның шал­ғай жерлерде орна­лас­­қан кәсіпорындарында жұ­мыс істей­тін өндірістік қыз­мет­кер­лердің балалары шақы­рыл­ды.
Жалпы, бұған дейін «Самұ­рық-Қазына» тобы тасқын салдарын жою жұмыстарына 22 млрд теңгеден астам қаражат бөлген болатын.
Сапар алдында «Самұрық-Қазына» қоры «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында балаларға экологиялық мәде­ниетті қалыптастыру туралы шеберлік сабақтарын өткізді. Мәселен, қоқыстарды пойызда немесе табиғат аясында қалдырмай, керісінше оларды сұрыптап, әрі қарай кәдеге жарату жәшіктеріне салуға үндеді.
Тағы бір айта кетерлігі, мектеп оқушылары жол бойы тәлімгер-педагогтердің жетек­шілігімен түрлі үйірмеге, зияткерлік және спорттық ойындарға қатысады. 
29 маусым 2024 ж. 100 0