Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жұмыссыз жастар азайды

Жұмыссыз жастар азайды

Оңтүстік астанада жұмыссыз жастардың азаюына жобалық кеңсе аясында ашылған комьюнити орталықтардың жұмысы ықпал етіп отыр. Жастардың әлеуетін толыққанды іске асыру, сондай-ақ жастарға атаулы көмек көрсету мақсатында жобалық кеңсе аясында ашылған 8 комьюнити орталық жұмыс істеп жатыр. Мұнда күн сайын келетіндер саны 300-ден асады. Мегаполис басшылығы келер жылдың соңына дейін комьюнити орталықтардың санын екі есеге дейін арттыруды көздеп отыр.

Жұмыссыз жастар азайды

Әрбір комьюнити орталықта қо­ғамдық кеңістік, психологиялық, заң кө­­мегі, жұмысқа орналастыру, кә­сіп­­тік бағдар беру, кәсіпкерлік мә­се­­­­лелер бойынша кеңес беру, сон­дай­-ақ жастар идеясын жеделдетуге­ ар­­­­налған коворкинг аймақ бар. Мұн­­­дай­­ орталықтарда жыл басынан бе­рі­ 750-ден астам іс-шара өткізіліп, 30 мың­­­нан астам жас қатысқан. «Онай» кар­­тасы негізінде комью­нити орта­лық­­­­­тар­дың резиденттері үшін клуб­­тық кар­точкалық жүйе енгізілген. Қоғам­дық көлікте пайдаланумен қатар картада тамақтану, спорттық және мәдени инфрақұрылымдарда, шеберлік дәрістеріне және басқа да әлеуметтік іс-шараларға қатысу барысында дисконт жеңілдігі қарастырылған.
Жақында қала басшысы Ерболат Досаев Жетісу ауданында орналасқан осындай орталықтың жұмысымен танысып, әр ауданда ашылып жатқан комьюнити орталықтар жұмысының оң нәтиже беріп жатқанын атап өтті. Нәтижесінде, осы жылдың бірінші тоқсанында 9 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасып, осы кезеңде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,2-ден 4,6 пайызға төмендеген.
Жалпы ауданы 645 шаршы метр жаңа ғима­ра­т­ты салуда инклюзивті қадамдар ескеріліпті. Заманауи креа­тивті қоғамдық кеңістікте жастар мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңес алып, психологиялық және заңгерлік көмекке, жаңа мамандық алу бойынша қысқамерзімді курс­тардан өтуге мүмкіндік алып, мәдени және спорт алаңдарында бос уақытын тиімді өткізетін болады.
Бүгінде Алматыда тұрып жатқан 14-35 жас ара­лы­ғындағы жастардың саны 680 мыңға жуықтайды. Олардың 60 мыңға жуығы Жетісу ауданында тұрады десек, жұмыссыз жастардың үлесі 6 пайыз.­ Комьюнити орталығы мамандарының айтуы­нша, жастарды әлеуметтендіру жұмыстары қанша­лықты тартымды болған сайын, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуы да соғұрлым нәтижелі болатыны анық. Қалада жастарға арналған 30-дан астам демалыс орталығы да жаңартылған.
 
АЛМАТЫ 
27 маусым 2024 ж. 131 0