Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ШИЕЛІЛІКТЕР 3 АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ

ШИЕЛІЛІКТЕР 3 АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІН САЙЛАЙДЫ

ҚР Сайлау туралы Конституциялық заңына сәйкес Қызылорда өңірінде өкілеттік мерзімі аяқталған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы ұйымдастырылуда.

Бұл сайлау – әділетті Қазақстан құрудың тарихи мүмкіндігі — Жаңалықтар  Жұбанов Университеті

Осы жексенбіде яғни 16 маусымда Шиелі ауданының 3 ауылдық округінде сайлау өтеді. Атап айтқанда, Жаңатұрмыс, Еңбекші, Қарғалы ауылдық округі әкімінің өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты жергілікті тұрғындар жаңа әкімді сайлайды.
3 округ бойынша 2 мыңнан аса сайлаушы дауыс беруге құқылы. Жаңатұрмыста 628, Еңбекшіде 1035, Қарғалыда 704 сайлаушы бар.
Сайлау процесі 3 учаскеде ұйымдастырылады. Оған 19 комиссия мүшесі тартылады.
3 округте барлығы 8 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді. Жаңатұрмыста 3, Еңбекшіде 2, Қарғалыда 3 кандидат тіркелген.
Кандидаттардың 7-і өзін-өзі, 1-і саяси партия атынан бақ сынауда.
Ауылдық округтер әкімінің сайлауы бойынша ақпараттарды төмендегі сілтеме арқылы біле аласыздар
https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli/activities/54367?lang=kk

©️Қызылорда облысының аумақтық сайлау комиссиясы

14 маусым 2024 ж. 440 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930