Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін елімізде аптап ыстық күтіледі

Бүгін елімізде аптап ыстық күтіледі

Синоптиктер 10 маусымда Қазақстан аумағында болатын синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін елімізде аптап ыстық күтіледі
Фото: pixabay.com

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың солтүстігінде қатты жаңбыр және бұршақ жауады.
Республика бойынша жел соғып, аптап ыстық күтіледі. Күндіз Алматы, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Жамбыл, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен Абай облысында, батыста, Түркістан облысының шөлді аймақтарында қатты ыстық күтіледі.
Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында және Жетісу, Ұлытау облыстарында, батыста, Қызылорданың солтүстігінде, Ақтөбенің батысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Батыс Қазақстан және Абай облыстарында, оңтүстігінде, Қарағанды облысының орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау, Түркістан облыстарында, Батыс Қазақстанның батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда қаласының орталығында, солтүстікте, шығыста, Маңғыстаудың орталығында, Ақтөбенің оңтүстігінде, батысында, Жамбылдың шығысындағы аймақтарда төтенше өрт қаупі күтіледі.
10 маусым 2024 ж. 190 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031